Лотуко (латуко, отуксо) — Оңтүстік Суданда, Джуба қаласының аймағында және Ақ Ніл мен Пибор өзендерінің арасында тұратын халық..Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/104614/%D0%9B%D0%BE%D1%82%D1%83%D0%BA%D0%BE Жалпы саны 400 мың адам.Современная энциклопедия - лотуко http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/lotuko
Тілі Тілі лутоко тілі. Диалектілері: донготоно, кориук, ланго, логири, локойя, ломиа, лопит, лоруама, ловудо.
Діні Дәстүрлі діни нанымдарды (табиғат күштеріне табыну және ата-бабалар культі) Ұстанады.Значение слова ЛОТУКО в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2013488.html
Кәсібі Лотуколар негізінен ірі (зебу) және ішінара ұсақ мал өсірумен, қол атқарылатын егіншілік (жержаңғақ, маниок, күнжіт, ұнтақталған бұршақ, бұршақ тұқымдастар), балық аулау және аңшылықпен айналысады. Шөптен, талшықтардан және пальма жапырақтарынан тоқу, металл өңдеу, ағаш ою, мүсін өнері дамыған..Народы и культуры Лотуко https://travel-journal.ru/ethno/39/921/
Өмір салты Патрилиндік тайпалық ұйым және вирилокальды көп отбасылық қауымдастықтар бар. Ауылдық қауымдар көсем басқаратын тайпаларға біріктіріледі. Жыныстық және жастық институттар маңызды рөл атқарады, Инициациялар жүзеге асырылады.
Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Үйшіктер дөңгелек, қабырғалары тоқылып, балшықпен сыланған, шатырлары сабан мен пальма жапырақтарынан жасалған конустық формада. Айналасы дуалмен қоршалған тұрғын үйлері мен шаруашылық құрылыстары бар үйлер мал қорасы қызметін де атқарады.
Ерлердің дәстүрлі киімі жамбасты жауып тұратын белдемше, әйелдер кең көйлек, белдемше киеді. Дәстүрлі зергерлік бұйымдары - темір немесе мыс білезіктер.
Тамағы негізінен өсімдік тектес – жарма мен көкөністен жасалған бұқтырылған тағамдар, құмайдан жасалған жарма, тары, қан аралас сүт ішеді. Ет ерекше жағдайларда қолданылады (үйлену тойлары, инициациялар және т.б.).<refнароды мира / Лотуко >http://www.etnolog.ru/people.php?id=LOTU</ref>
Дереккөздер
Санат:Судан халықтары