thumb|right|Түрікменстан халқының Жас-жыныстық пирамидасы, 2020 Түрікменстанның демографиясы () Түрікменстан халқының демографиялық ерекшеліктерін, соның ішінде халықтың өсуін, халықтың тығыздығын, білім деңгейін, денсаулығын, экономикалық жағдайын, діни және этникалық құрамын және халықтың басқа аспектілерін білдіреді. Түрікменстанның ең ірі этникалық тобы түрікмендер деп аталады.
Халық саны thumb|right|1950–2009 жылдары аралығындағы Түрікменстан халық санының өзгерісі 1959 жылғы халық санағы бойынша елдің нақты халқының саны 1,516 миллион тұрғынды құрады; 1979 жылғы халық санағы бойынша – 2,759 млн; 1989 жылғы халық санағы бойынша – 3,534 млн; 1995 жылғы халық санағы бойынша – 4,481 млн. 2006–2017 жылдары халық саны бойынша еш ресми дерек жарияланбаған.
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша департаменті Түрікменстан халқының 2008 жылы 4,936 миллион, 2012 жылы 5,268 миллион, 2017 жылы 5,758 миллион деп бағалады.
2021 жылғы санақ бойынша елдегі туу коэффициенті бір анаға 2,04 бала болды.
Ұлттық құрамы thumb|right|Дәстүрлі киім киген түрікмен жастары. Олар елдің ең ірі этникалық тобы болып келеді. 2015 жылдың ақпан айында оппозициялық басылымдарда 2012 жылғы халық санағының нәтижелерін бейресми дереккөздерден білдік деген жарияланымдар пайда болды. Бұл басылымдарға қарағанда, ел халқының саны 4 751 120 адам болар еді; ұлттық құрамы бойынша 85,6% түрікмендер, 5,8% өзбектер, 5,1% орыстар. Қалғандарының барлығы басқа ұлт өкілдері ретінде көрсетілген. Елде 58 ұлттың өкілдері тұрады.
Түрікменстанның тәуелсіздік алған салысымен түрікмендерден басқа этностар санының күрт азаюын байқай аламыз.
+ 1926–2012 жылдар аралығындағы Түрікменстан ұлттық құрамы Ұлттықтоп 1926 санақhttp://demoscope.ru/weekly/ssp/ussr_nac_26.php 1939 санақhttp://demoscope.ru/weekly/ssp/ussr_nac_39.php 1959 санақhttp://demoscope.ru/weekly/ssp/sng_nac_59.php 1970 санақhttp://demoscope.ru/weekly/ssp/sng_nac_70.php 1979 санақhttp://demoscope.ru/weekly/ssp/sng_nac_79.php 1989 санақhttp://demoscope.ru/weekly/ssp/sng_nac_89.php 1995 санақhttps://web.archive.org/web/20130313015500/http://asgabat.net/turkmenistan/itogi-vseobschei-perepisi-naselenija-turkmenistana-po-nacionalnomu-sostavu-v-1995-godu.html 2012 санақhttps://web.archive.org/web/20161006054812/http://www.chrono-tm.org/en/2015/02/the-results-of-census-in-turkmenistan/ Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Саны % Түрікмендер 719,792 71.9 741,488 59.2 923,724 60.9 1,416,700 65.6 1,891,695 68.4 2,536,606 72.0 3,403,639 76.7 4,066,959 85.6 Өзбектер 104,971 10.5 107,451 8.6 125,231 8.3 179,498 8.3 233,730 8.5 317,333 9.0 408,259 9.2 275,565 5.8 Орыстар 75,357 7.5 232,924 18.6 262,701 17.3 313,079 14.5 349,170 12.6 333,892 9.5 297,319 6.7 242,307 5.1 Қазақтар 9,471 0.9 61,397 4.9 69,522 4.6 68,519 3.2 79,539 2.9 87,802 2.5 88,752 2.0 19,004 0.4 Әзербайжандар 4,229 0.4 7,442 0.6 12,868 0.8 16,775 0.8 23,548 0.9 33,365 0.9 36,586 0.8 49,852 1.2 Белудждер 9,974 1.0 5,396 0.4 7,626 0.5 12,374 0.6 18,584 0.7 28,280 0.8 36,428 0.8 Татарлар 4,769 0.5 19,517 1.6 29,946 2.0 36,457 1.7 40,432 1.5 39,277 1.1 35,501 0.8 Армяндар 13,859 1.4 15,996 1.3 19,696 1.3 23,054 1.1 26,605 1.0 31,829 0.9 33,638 0.8 Украиндар 6,877 0.7 21,778 1.7 20,955 1.4 35,398 1.6 37,118 1.3 35,578 1.0 23,064 0.5 Басқалары 51,615 5.2 38,494 3.1 44,106 2.9 57,026 2.6 64,327 2.3 78,755 2.2 71,168 1.7 142,285 3.1 Жалпы саны 1,000,914 1,251,883 1,516,375 2,158,880 2,764,848 3,522,717 4,434,354 4,751,120
Діни құрамы thumb|right|Gyzylarbat басты мешіті, Балқан уәлаяты Түрікменстан халқының басым көпшілігі мұсылмандар (негізінен сунниттер) — 89-90%. Христиандар халықтың шамамен 9%, басқа конфессиялар 2% құрайды. Рұқсат етілген барлық діни конфессиялар мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында: 1994 жылы оларды бақылау үшін мүфти, мүфтидің орынбасары, православиелік декан және бір шенеунік кіретін Дін істері жөніндегі «Генгеш» («Кеңес») құрылды. Дін істері жөніндегі генгеш мүшелері мемлекеттің зайырлылығына қарамастан, дін істері жөніндегі велаят кеңестерінің мүшелері (оларды жергілікті бас имамдар басқарады) сияқты бюджет есебінен жалақы ала бастады.Лаумулин М. Религиозная ситуация и угроза религиозного экстремизма в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ. — 2012. — Т. 15. — № 1. — С. 72
Мемлекет діни білім беруді қатаң шектейді. 2016 жылы қабылданған заң дінді жеке оқытуға толығымен тыйым салды, ал балаларға діни ілімді үйрету тек жеке Комиссия келісімімен ғана рұқсат етіледі.
«Open Doors» халықаралық христиандық қайырымдылық ұйымының 2015 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Түрікменстан христиандардың құқықтары жиі қысымға ұшырайтын елдердің тізімінде 20-шы орында тұр.
Дереккөздер
Санат:Түрікменстан тұрғындары