Конкомба (бекпокпам, кокомба, комба, коквамба, пангпана, бассари, тоботе)Значение слова КОНКОМБА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1840580.html — Гананың солтүстік аймақтары мен Тогодағы Оти өзенінің жоғарғы ағысында тұратын халық.Конкомба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1527052 Жалпы саны 300 мың адамды құрайды. Ганада 200 мың адам, Тогода 100 мың адам.Современная энциклопедия - конкомба http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/konkomba Туыстас халықтар: бассари, гурма, дагомба, касена. Келесі субэтникалық топтарға бөлінеді: бемокпим, бечабоб, бегбим, бенафиаб, беквом, т.б.
Тілі Тілі - конкомба тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Сонымен бірге Ганада чви, хауса және ағылшын тілдері, Тогода басари және француз тілдері де таралған.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2090530
Діні Көбінесе дәстүрлі нанымдарды ұстанады, шамамен 15% христиандар (католиктер мен протестанттар, англикандар, пресвитериандар), сүнниттік мұсылмандар да бар.Главная / Буква "К" / http://knowledge.su/k/konkomba-
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тары, құмай, күріш, жүгері, бұршақ дақылдары), мал шаруашылығы, аңшылық және балық аулау. Қолөнерден – ұсталық, керамика, тоқу, тоқымашылық дамыған.Народы и культуры Конкомба https://travel-journal.ru/ethno/38/795/
Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін ауыл қауымдары, көп балалы отбасылар, патрилиндік рулар және жас топтары құрайды. Неке қонысы вирилокальды, полигиния кең таралған. Негізгі фольклорлық жанрлар – әндер, ертегілер, мақал-мәтелдер.
Олар конустық шатыры сабанмен жабылған дөңгелек ағаш үйлерде тұрады.
Ерлер жеңі қысқа ұзын жейде (ақ немесе ақ-қара жолақ), әйелдер белбеулі белдемше киеді.
Негізгі тағамы - жарма және бұқтырылған ботқа, балық, сүт, ет пайдаланады.народы мира / Конкомба http://www.etnolog.ru/people.php?id=KONM
Дереккөздер
Санат:Гана халықтары Санат:Того халықтары