Серебряный бор – табиғи өскен көне қарағай орманы.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде Қызылжар ауданы Соколов орман шаруашылығы аумағында, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Сипаты Жалпы аумағы 83 га. Топырағы құмдақты. Қарағайлардың орта жасы 85-те (40 –110 жас), орташа биіктігі 20 м (14–23 м), орташа диаметрі 26 см (12–32). Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күш-жігері арқасында орман жақсы сақталды əрі Петропавл қаласы мен маңайдағы елді мекен тұрғындарының сүйікті орнына айналған. Қарағайлы орман облыстағы сирек жəне қылқанды орман үлгісі ретінде ғылыми құндылық болып табылады. 1986 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Серебряный бор мемлекеттік табиғат ескерткіші ретінде бөлінді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Солтүстік Қазақстан облысы географиясы Санат:Қазақстан орман шаруашылығы Санат:Қазақстан табиғат ескерткіштері