Түркия Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2 түрлі айналыммен өтті. Біріншісі 2023 жылғы 14 мамырда өтсе, екіншісі 28 мамырда орын алды. Нәтижесінде Режеп Тайып Ердоған қайта сайлаған бұл сайлаумен қатар парламент сайлауы да жүрді.

Сайлауға бастапқыда 3 үміткер қатысқан, солардың ішінде Халықтық Альянстан ұсынылған қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған, Ұлттық Альянстан ұсынылған Кемал Қылышдарұлы және Аталар Альянсынан ұсынылған Синан Оған болған. Төртінші үміткер Мұхаррам Инже сайлау күнінің басталмай тұрған кезінде өзінің үміткерлігін тоқтатты, бірақ оның есімі сайлау қағаздарында қала береді.

2002 жылдан бері ел басшылығындағы Ердоғанның осы сайлаудағы ең басты бәсекелесі Республика Халық партиясының төрағасы Кемал Қылышдарұлы болған. Ердоғанның саясаты консерватистік және исламистік болып аталса, Қылыштарұлының саяси ұстанымы батысшыл, кемалистік деп сипатталған.

Ердоғанның коалициясына радикалды Күрд Хизболласыменмен байланысы болған Еркін Себеп партиясын (HÜDA PAR) қосқаны үшін Альянс дау туғызды. Қылыштарұлының Ұлттық Альянсы Түркияның конституциясын парламенттік басқару жүйесіне қайтаруды мақсат қойды, президенттік жүйе Түркияда 2017 жылғы референдум арқылы орнаған еді.

2023 жылда Түркия және Сирияда орын алған жер сілкіністері кезінде әкімшіліктің баяу әрекеті және жер сілкінісіне дайын емес болған ғимараттардың құрылысына рұқсат берілгені үшін Ердоғаннның президенттігі сынға алынды, және президентікке үміткер Ердоғанның репутациясы төмендеді. Ердоған әкімшілігі тағы 2015 жылдан басталған энтикалық күрдтерге қарсы репрессиялары үшін сынға алынды.

Сайлау күнінен кейін, 15 мамыр күні, нәтижесі шықты, ол бойынша Ердоған 49.4% алып, Қылыштарұлынан жоғары дауыс алды, бірақ еш үміткер 50%-дан астам дауыс ала алмағасын 2-айналым жүргізілетіні шешілді. Ол сайлау күнінен 2 аптада, 28 мамыр күні болады. Екінші сайланым нәтижесінде Ердоған жалпы дауыстың 52% астамын жинады да, қайта сайланды.

Алғышарттары 14 мамыр күні кезектен тыс сайлау ұйымдастыруын президент Режеп Тайып Ердоған ұсынған, бұл күн 1950 жылғы Түркияның тұңғыш демократиялық сайлаудың 73-жылдығына таңдалған.

Үміткерлері Бұл сайлауға тіркеле алған үміткерлер саны 4 ғана, бұл қазіргі президент, Ыстанбұл тумасы Режеп Тайып Ердоған, бұрын бірнеше сайлауда оған қарсы шыққан РХП төрағасы Кемал Қылышдарұлы, ұлтшыл саясаткер және бұрынғы депутат Синан Оған және Отан партиясының төрағасы Мұхаррам Инже. Инже сайлау күніне бірнеше күн қалғанда сайлаудан кететінін мәлімдеген, алайда оның есімі бюллетеньдерде қала берді. Сайлауда ең көп дауыс алған 49,3% жинаған Ердоған болды, алайда еш үміткердің 50% жинамағаны себебеінен 28 мамыр күні екінші айналымы ұйымдастырылды, ол жерде ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады, осы жолы бұл Ердоған мен Қылышдарұлы ғана. 28 мамырда өткен 2-айналымда Ердоған 52% астам дауыс жинап, қайта сайланды. Енді ол бас-аяғы 25 жылдай билікте бола алатыны белгілі болды.

Ыстанбұл мен Анкара мэрлері Экрем Имамұлы мен Мансұр Яваш және Жақсы партияның төрайымы Мераль Акшенердің Ұлттық Альянс атынан үміткер болуы мүмкін деген болжамдар болған, алайда Алтылар үстелі () атты оппозициялық одақ басты үміткері ретінде Кемал Қылышдарұлыны таңдады.

Партиялары Үміткер есімі, туған жылы, саяси партиясыҚолдайтын партияларыИдеологиясыСаяси лауазымдарыҚосымша мәлімет107x107 нүктеРежеп Тайып Ердоған(1954–)Әділет және даму партиясыХалықтық АльянсҰлтшыл қозғалыс партиясыMilliyetçi Hareket Partisi(2019 бастап)Түркия премьер-министрі(2003–2014)АК партиясының төрағасы(2017 бастап)Ыстанбұл мэрі(1994–1998)Ұлы Бірлік партиясы Büyük Birlik PartisiИсламистік ұлтшылдықЖаңа Дәулеттілік партиясы Yeniden Refah PartisiИсламизмЕркін Себеп партиясы Hür Dava PartisiИсламизмДемократиялық Солшылдар партиясы Demokratik Sol PartiСолшыл ұлтшылдықДұрыс Жол партиясы Doğru Yol PartisiЛибералды консерватизм107x107 нүкте Кемал Қылышдарұлы (1948–) Республика Халық партиясыҰлттық АльянсЖақсы партия İyi PartiҰлтшылдықРеспублика Халық партиясының төрағасы<small>(2010 бастап)Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаты(2002 бастап)Демократия және Даму партиясы Demokrasi ve Atılım PartisiЛибералды консерватизмБолашақ партиясы Gelecek PartisiКонсерватизмБақыт партиясы Saadet PartisiИсламизмДемократ партия Demokrat PartiЛибералды консерватизмЕңбек және бостандық альянсыЖұмысшылар партиясы Türkiye İşçi PartisiСоциализмХалықтар Демократиялық партиясы Halkların Demokratik PartisiРегионализмЖасылдар және Солшыл болашақ партиясы Yeşiller ve Sol Gelecek PartisiЖасыл саясатЕңбек партиясы Emek PartisiКоммунизмСоциалистік Күштер ұйымыСол партия Sol PartiСоциализмТүркия Коммунистік партиясы Türkiye Komünist PartisiКоммунизмТүркия Либерал-демократиялық партиясы Liberal Demokrat PartiЛиберал-демократияӘйелдер партиясы Kadın PartisiФеминизм107x107 нүкте Синан Оған (1967–) ПартиясызАталар альянсыЖеңіс партиясы Zafer PartisiКемализмТүркішілдікТүркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты(2011–2015)Әділет партиясы Adelet PartisiЛибералды консерватизмӨлкем партиясы Ülkem PartisiҰлтшылдықАна Отан партиясы Anavatan PartisiЛибералды консерватизм

Даулары оңға|нобай|1-айналымның сайлау бюллетені оңға|нобай|Синан Оған үгіті Кемал Қылышдарұлына жасалған шабуылдар Адыяман илінде жер сілкінісі кезінде қаза тапқан азаматтардың бейіттерін зиярат етіп жүрген Қылышдарұлына Фатиха сүресін оқып жатқанда ауызша шабуыл жасалды. Оған белгісіз азаматтар «Сен еркек емессің!» деп тіл тигізген. Сол күні тағы бір азамат физикалық шабуыл жасап жаздады.

Имамұлыда жасалған шабуылдан екі күн өткен соң Сакарияда Қылышдарұлы көлігіне таспен шабуыл жасалды. Қылышдарұлы шешімі бойынша 15 жасар шабуылшыға айып тағылмады, ол босатылды және баланың есімін жасыру сұралды.

7 мамыр күні, Ерзурум қаласында Экрем Имамұлына Қылышдарұлыны қолдау митингі кезінде тас лақтырылды, митинг тоқтатылды. Оған жауап ретінде Қылышдарұлы өзінің Twitterінде:

Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу оқиғаны Имамұлы халықты ашуландыру үшін жоспарлаған деген.

Жалған ақпарат Сайлау алдындағы жексенбі күні Ердоған саяси митингіде Қылышдарұлының рейтингін түсіру мақсатында деп болжанған жалған бейнероликті көрсеткен, ол жерде Күрдістан жұмысшы партиясының негізін қалаушысы Мұрат Карайыланның «Қылышдарұлы маңында жүргені» көрсетілген. Келесі дүйсенбіде Deutsche Welle зерттеуі бейненің екі бөлек бейнені біріктіру арқылы жасалғанын анықтады.

Дауыс беруден бірнеше күн бұрын Қылышдарұлы мен РХП Ердоғанның белгілі одақтасы Ресейді шетелдік сайлауға араласты деп айыптап, оны көптеген «жалған монтаждардың және deepfakeтердің» авторы деп атады.

Мұхаррам Инжені бейнелейді деген жалған секс видео Инженің жарыстан шығып қалғанға дейін таратылған еді. Инже бейнені түсіру үшін deepfake технологиясы қолданылғанын айтып, «беделіне қастандық жасалғанын» айтты және елдегі журналистер мен прокурорларды өзін «диффамациядан» қорғай алмағаны үшін сынға алды.

Нәтижесі Үміткер аты-жөніПартиясы1-айналым2-айналымДауыс саны%Дауыс саны%Режеп Тайып ЕрдоғанӘділет және даму партиясы27,133,83735.7927,834,58952.18Кемал ҚылышдарұлыРеспубликалық Халық партия 24,594,93232.4925,504,70447.82Синан ОғанТәуелсіз2,831,20814.73Мұхаррам Инже Отан партиясы 236,0977.45Жалпы саны54,796,074100.0053,339,313100.00Жарамды дауыс саны54,796,07498.1453,339,31398.73Жарамсыз дауыс саны1,037,1011.86684,2881.27Жалпы дауыс саны 55,833,175100.0054,023,601100.00Тіркелген сайлаушылар64,190,65187.0464,197,45484.15Дереккөзі: YSK, 1-айналым; 2-айналым

Дереккөздер Анықтама

Деректер

Санат:2023 жылғы Түркия Санат:Түркиядағы президент сайлаулары Санат:Түркия сайлаулары