Ирамба (иламба, ланги, анирамба, памби)Значение слова ирамба https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B8%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B0 — Танзаниядағы банту халқы. Жақын халықтар: нятуру, сукума, нямвези. Жалпы саны 368 131 адам. (2002 ж.)Ирамба https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1304987

Тілі Тілі - ирамба тілі.Значение слова ИРАМБА в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1839701.html

Діні Дінге сенушілер: дәстүрлі сенімдер, кейбірі христиандар, сүнниттік мұсылмандар.Современная энциклопедия - ирамба http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/iramba

Кәсібі Дәстүрлі шаруашылығы екі саланы біріктіреді: қолмен атқарылатын тропикалық егіншілік (элевсина, құмай, жүгері, бұршақ, маниок) және жайылымдық мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал). Еңбек бөлінісі шаруашылықтың салалары мен маусымдылығына сәйкес жыныс пен жас бойынша жүзеге асырылады. Егістік алқапты егіске дайындауды әйелдермен бірге ерлер, ал қалған барлық ауылшаруашылық жұмыстарын (егу, күтіп-баптау, жинау, өңдеу, өнімді бөлу) әйелдер атқарады. Ер адамдар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Қолөнер дамыған: ағаштан ою (ұсақ мүсін, ыдыс жасау), өсімдік талшықтарынан өру (себет, ыдыс, төсеніш, ұсақ ыдыстар), металдан зергерлік бұйымдар жасау.Народы и культуры И https://travel-journal.ru/ethno/37/693/

Өмір салты Туыстық есеп матрилиндік. Неке матрилокальды. Қоғамдық ұйымның негізінде рулық құрылымды құрайтын генеалогиялық байланыстар бар. Ауызша шығармашылығы, би және музыкалық фольклоры бай.

Елді мекендері шоғырланып орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері төртбұрышты, қабырғалары жерге тереңдетіліп, бұтақтардан тоқылып саз балшықпен сыланған. Бір шаруашылықтың үйшіктері көбінесе бір-біріне жақын орналасып – малға арналған ішкі төртбұрышты ауланы (краалды) құрайды.

Ерлер киімі қысқа шалбар мен мақта көйлектен, ал әйелдер киімі кең ұзын мақта көйлек немесе жеңі қысқа жейде мен белдемшеден тұрады. Аяқтарында сандалдар киеді.

Тағамдары негізінен өсімдік тектес азықтар – жарма, бұршақ дақылдарынан алынған жарма, бұрышқа ащы дәмдеуіштер қосылған бәліштер, көкөністер мен өсімдік майларынан жасалған соустар, жемістер, сүт өнімдері. Ет сирек пайдаланылады. народы мира / Ирамба http://www.etnolog.ru/people.php?id=IRAM

Дереккөздер

Санат:Танзания халықтары