Дагари (өз атауы:дагааба, дагати)Значения слов дагари https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%B8 — Ганада және Буркина-Фасоның шекаралас аймақтарындағы гур халықтарының тобы (Бугуриба өзендерінің төменгі ағысы, Қара Вольта өзендерінің орта ағысы және Кулпон өзендерінің жоғарғы ағысы).Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2627189 Жалпы саны 830 мың адам, Ганада -700 мың, Буркина-Фасода -130 мың адам,Современная энциклопедия - дагари http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/dagari Малиде —30 мың, Тогода —20 мың адам тұрады.Дагари https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/379832
Тілі Тілі - дагари тілі.Современная энциклопедия Дагари https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199683-dagari/
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.Значение слова ДАГАРИ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1838511.html Кейбіреулері сүнниттік мұсылмандар, католиктік христиандар да бар.
Кәсібі Негізгі кәсібі – тропикалық егіншілік, ішінара мал шаруашылығы (ірі және ұсақ мал). Құрғақ құмды жерлерге тары, жүгері, бұршақ, ойпаң жерлерге күріш, ямс, тәтті картоп, тауарлы дақылдардан мақта, жержаңғақ, ямс егеді. Гананың оңтүстік аймақтарында какао плантацияларында маусымдық жұмыс кең таралған. Көркем қолөнерден – сабаннан, пальма жапырақтарынан өру, зергерлік бұйымдар жасау дамыған.Народы и культуры Д https://travel-journal.ru/ethno/32/632/
Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін көпбалалы қауымдар, патрилиндік (боре) және матрилиндік (соба) рулар құрайды. Неке - вирилокальды, көп әйелділік, немере туыстарының некесі сақталған.
Дәстүрлі нанымдар – ата-бабалар культі, табиғаттың жанды күштері, сиқырға, тұмарға және бақсылыққа сенімдер. Негізгі фольклорлық жанрлардан ертегілер мен мақал-мәтелдер дамыған, сонымен қатар музыкалық фольклор, ішекті аспаптар басым.
Тұрғын үйлері негізінен төртбұрышты, қабырғалары сазбалшықпен сыланған, шатыры тегіс. Шаруашылық ғимараттары дөңгелек. Түнде мал ұстайтын жабық ауласы бар.
Дәстүрлі киімдерінде ақ және қара жолақтары бар ұзын зығыр жейделер, түрлі-түсті көйлектер, жемпірлер, белдемшелер басым.
Азық-түлік негізінен өсімдік тектес - (жарма, бұқтырылған, қайнатылған, қуырылған және пісірілген түйнектер мен бұршақтар, көкөністер), сүт.народы мира / Дагари http://www.etnolog.ru/people.php?id=DAGA
Дереккөздер
Санат:Гана халықтары Санат:Буркина-Фасо халықтары