Гусилер (өз атауы: киссии, косова)Современная энциклопедия Гусии https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199651-gusii/ — Кенияның оңтүстік-батысындағы банту тобының халқы. Олар Виктория көлінің шығыс жағалауындағы Кавирондо шығанағының оңтүстігінде тұрады. Саны 2,3 миллион адам. (2006, бағалау). 47 мың адам Танзанияда тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1936606 Гусилер қазіргі таулы жерлерге 500 жыл бұрын Эльгон тауынан келген болуы мүмкін.Гусии - Британская онлайн-энциклопедия https://bfjaawards.com/ru/pages/38318-gusii--britannica-online-encyclopedia

Тілі Олар банту тілдер тобының гусий (икигусии) тілінде сөйлейді, жазуы латын әліпбиіне негізделген.Главная / Буква "Г" / http://knowledge.su/g/gusii-

Діні Сенушілердің діни байланысы: католиктер, Легия Мария христиан-африкалық шіркеуінің кейбір жақтаушылары, дәстүрлі нанымдар.Современная энциклопедия - гусии http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/gusii

Кәсібі Шаруашылығының дәстүрлі негізгі саласы қолмен атқарылатын егіншілік болып. Кейбір жерлерде суармалы каналдар мен таулардың беткейлерінде террассалы егістіктер бар. Негізгі дақылдар: (тары, құмай, жүгері, ямс, таро, кофе, мақта. Шаруашылықтың тағы бір дәстүрлі саласы – мал шаруашылығы (зебу, қой-ешкі). Қолөнерден - металл өңдеу (соғу, пышақ, ұштық), ағаштан ою (тұрмыстық ыдыс, мүсін, бетперде жасау), тері өңдеу, олардан бұйымдар жасау дамыған.народы мира / Гусии http://www.etnolog.ru/people.php?id=GUSI

Өмір салты нобай|солға|200px|Дәстүрлі тұрғын үйі Әлеуметтік құрылым рулық және әлеуметтік-жастық байланыстарға негізделген. Олар жер иеленудің қауымдық нысаны бар патриархалды ауылдық қауымдастықтардан тұрады. Жастық таптар жүйесі сақталған, оның негізінде қоғамдық еңбек бөлінісі және ақсақалдар кеңесін құру жүзеге асырылады. Музыкалық-ән және би фольклоры дамыған.

Гусилердің қоныстары шашыраңқы орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері дөңгелек, қабырғалары бұтақтардан тоқылған, төбесі сабанмен жабылған конустық пішінде болып келеді.

Дәстүрлі киімдер сақталмаған, ерлер еуропалық шалбар, жейде киеді, әйелдер көйлек, ашық түсті орамал, металдан, былғарыдан жасалған зергерлік бұйымдар пайдаланады.

Көкөніс және сүт тағамдары (жармалар, көкөністерден дәмдеуіштер қосылған бұқтырылған тағамдар, майлар, қуырылған дәндер, бәліштер, жемістер).

Дереккөздер

Санат:Кения халықтары Санат:Танзания халықтары