Мейірім Төлегенұлы Нұрсұлтанов (27 шілде 1993, Аягөз, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық боксшы, ХДСШ, 2014 жылғы Қазақстан чемпионы, 2015 жылғы Дүниежүзiлiк бокс сериясының (WSB) чемпионы. Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы (middleweight). Америка Құрама Штаттарында жеңіліссіз өткен тоғызыншы жекпе-жекте NABF Junior Middleweight чемпиондық белбеуін жеңіп алды (2018).

Әуесқойлар арасындағы Азия-2013 және 2013 жылғы әлем чемпионы — Мерей Ақшаловтың інісі.

Өмірбаяны «Менің ағам әрқашан менің кумирім болды. Мен оның қадамдарын үнемі бақылайтынмын. Ол тамаша боксшы. Бокс — нағыз спорт түрі. Әр адам өзін және отбасын қалай қорғау керектігін білуі керек». — Мейірім Нұрсұлтанов. Мейірімнің боксшы болып қалыптасуында оның ағасы, Азия-2013 және 2013 жылғы әлем чемпионы (64 келі салмақта) Мерей Ақшалов басты рөл атқарды. Содан бері әуесқойлық деңгейде Нұрсұлтанов 250-ге жуық жекпе-жек өткізді.

Әуесқой айқастарындағы мансабы 2009 жылдың қараша айында 16 жасар Нұрсұлтанов Орал қаласында өткен 64 келі салмақтағы 1992-1993 жылдардағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, Азия чемпионатына жолдама алды.

2010 жылдың наурыз айында Тегеран қаласында (Иран) 64 келі салмақта жастар арасында Азия чемпионы атанды.

2012 жылы 19 жастағы Нұрсұлтанов 69 келі салмақта Астанада өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, осы салмақта Қазақстан Республикасының чемпионы болып одан кейін сол жылы әлем және Азия чемпионы болып Данияр Елеусінов атанды.

Ол 2014 жылдың желтоқсан айында Тараз қаласында 75 келі салмақта финалда оңтүстікқазақстандық Нұрзат Сабировты ұтып, Қазақстан чемпионы атанды.

«Astana Arlans» Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) «Astana Arlans» қазақстандық жартылай кәсіпқой командасына шақырылды. 2015 жылғы маусымның басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Ол 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалда «Cuba Domadores» командасынан кубалық Лопес Кардонаны (3:0) сенімді түрде ұтып, «Astana Arlans» екінші рет WSB чемпионы атанды.

Кәсіби мансабы 2016 жылы 23 жастағы боксшы кәсіпқойға ауысу туралы шешім қабылдап, Кэти Дува басқаратын Main Events компаниясымен келісімшартқа отырды. Боксшының менеджері Эгис Климас ресейлік Сергей Ковалев пен украиналық Василий Ломаченко мен Александр Усиктің ісімен де айналысады. Жаттықтырушысы: Роберто Гарсиа. Жаттығу алаңы Окснард, Калифорния, АҚШ. Ол жерлесі Мадияр Ашкеевпен бір командада жаттығады.

Ол 2016 жылы 19 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Сергей Ковалев - Андре Уорд жекпе-жегінің андеркартында дебюттік жекпе-жегін өткізіп, бірауыздан қабылданған шешіммен (60:54, 60:54, 60:54) 6 раундта Генри Бекфордты жеңді.

Екі жылдан кейін, 2018 жылы 13 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) өзінің тоғызыншы жеңіліссіз жекпе-жегінде ол төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен (80:71, 80:71, 80:71) афроамерикалық Джамар Фриманды (15-6-2) жеңіп, NABF Солтүстік Америка чемпионы атағын жеңіп алды.

Кәсіби жекпе-жек кестесі Айқас Есеп Күні Қарсыласы Болған жері Нәтижесі Ескерту 20 20-0 17 қараша 2023 Хулио Аламос UD (12) 19 19-0 15 сәуір 2023 Кадзуто Такесако TKO 8 (12) 2:33 WBO International орта салмақтағы титулын қорғады. 18 18-0 1 қазан 2022 Марсело Косерес UD (10) WBO International орта салмақтағы титулын қорғады. 17 17-0 11 маусым 2022 Себастьян Орасио Папески TKO 5 (10) 0:47 WBO International орта салмақтағы титулын қорғады. 16 16-0 5 ақпан 2022 Андрей Сироткин RTD 5 (10) WBO International орта салмақтағы бос тұрған титулы үшін жекпе-жек. 15 15-0 6 қараша 2021 Дмитрий Атрохау UD (8) 14 14-0 5 желтоқсан 2020 Илья Баландин UD (8) 13 13-0 2 қараша 2019 Кристиан Оливас UD (10) WBC US орта салмақтағы титулды жеңіп алды. 12 12-0 24 тамыз 2019 Артур Осипов UD (10) 11 11-0 24 наурыз 2019 Луис Эрнандес (16-7-0. 9КО) UD (8) 10 10-0 11 қаңтар 2019 Рамон Агинага (13-1-0, 9KO) KO 2 (8) 2-раундта нокаут 9 9-0 13 қазан 2018 Джамар Фримэн (15-6-2, 8KO) UD (8) NABF Junior Middleweight Title бос титулды жеңіп алды 8 8-0 4 тамыз 2018 Хонатан Батиста (18-14-0, 11KO) RTD 2 (6) 2-раудтан кейін айқастан бас тарту 7 7-0 23 маусым 2018 Хосе Обандо (16-20-1, 12KO) KO 6 (6) 6-раундта техникалық нокаут 6 6-0 3 наурыз 2018 Алехандро Торрес (9-3-2) TKO 6 (6) 6-раундта техникалық нокаут 5 5-0 25 қараша 2017 Эрик Мун (7-0-0, 6KO) TKO 2 (6) 2-раундта техникалық нокаут 4 4-0 9 қыркүйек 2017 Исмаэль Буэно (15-6-0) TKO 1 (6) 1-раундтың 50 секундында нокаут 3 3-0 14 шілде 2017 Лэнни Дардара (5-7-2) KO 1 (6) 1-раундта нокаут 2 2-0 15 сәуір 2017 Хавьер Ольвера (1-0-0) TKO 2 (6) 2-раундта техникалық нокаут 1 1-0 19 қараша 2016 Генри Бекфорд (4-5-0) UD (6)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Бокстан Қазақстан чемпиондары Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақ кәсіпқой боксшылары