Көкарт () — Қырғызстанның Жалалабат облысы Созақ ауданындағы өзен. Қарадария өзенінің оң саласы. Ұзындығы 105 км, су жинайтын алабы — 1370 км². Жылдық орташа шығыны 18,3 м³/с. Қар-жаңбырбен толады.
Ол Ферғана жотасының оңтүстік-батыс беткейлерінен бастау алады. Ең ірі салалары: Қызылсу, Өрімбасы, Қараалма, Шанет. Сәуірден тамызға дейін су тасиды. Мамырдағы орташа максималды шығын 58,8 м³/с, ең азы қаңтарда 5,43 м³/с.
Әдебиет
Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Қарадария су алабы