Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитеті — Қазақстан Компартиясы Талдықорған облыстық партия ұйымының басқарма органы (1944-1959, 1967-1991).
Талдықорған облысы 1944 жылы 16 наурызда Қазақ КСР құрамында Алматы облысының бір бөлігінен құрылды. 1959 жылы 6 маусымда жойылып, аумағы Алматы облысының құрамына енді. 1967 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысының бір бөлігінен қайта құрылды. Орталығы — Талдықорған қаласы.
Қазақстан КП Талдықорған облыстық комитетінің бірінші хатшылары СТАЛИННІҢ ЗАМАНЫНДА (1925-1953 ж.) 1944 Александр Дубровский 1944-01.1950 Андрей Кондратенко 1950-01.1951 Шолақ Артығалиұлы 1951-1956 Шәкір Қарсыбайұлы ХРУЩЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1953-1964 ж.) 1956-06.1959 Ғұбайдолла Ілиясов 06.1959-12.1967 Қазақстан КП Алматы облыстық комитеті (аумақ Алматы облысының құрамына кірді). БРЕЖНЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1964-1982 ж.) 1968-04.1970 Бәйкен Әшімұлы 04.1970-1972 Бименде Садуақасұлы 1972-1978 Әріпбай Әлібайұлы 1978-1981 Сәкен Құсайынұлы 1981-1986 Әбубәкір Тыныбаев ГОРБАЧЕВТЫҢ ЗАМАНЫНДА (1985-1991 ж.) 1986-25.11.1988 Владислав Ануфриев 25.11.1988-19.05.1990 Анатолий Жигулин 19.05.1990-7.09.1991 Сағынбек Тұрсынов
Тағы қараңыз Облыс әкімі
Әдебиет РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Санат:Талдықорған облысы Санат:Қазақстан КП аймақтық, облыстық және өлкелік комитеттері