Семізкөл – Іле атырауындағы шығанақ.

Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылының оңтүстігінде 1 км жерде орналасқан.

Сипаты Жағалауы теңіз деңгейінен 350 м биіктікте жатыр. Шығанақ құрлыққа 4 км сұғына енген, енді жері 1,5 км, ең терең жері 5 м. Жағалауында қалың қамыс өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі шығанақтары Санат:Алматы облысы географиясы