КОКП ОК бас хатшысы (; 1966 жылдан бастап: 1922—1925 жылдары — РК(б)П ОК бас хатшысы, 1925—1952 жылдары — БК(б)П ОК бас хатшысы, 1953—1966 жылдары — КОКП ОК бірінші хатшысы) — Кеңес Одағы Коммунистік партиясындағы ең жоғары лауазым.
Бас хатшы лауазымы 1922 жылы 3 сәуірде РК(б)П ХІ съезінде сайланған РКП(б) ОК пленумында КОКП ОК хатшылығының аппараттық қызметі ретінде белгіленді деп болжанады, алайда партия жарғысына тиісті өзгертулер енгізілмеді.
И.В.Сталин бұл қызметті ресми түрде қабылдаған алғашқы партия жетекшісі болды. Бейресми түрде Н.Н.Крестинскийді «бас хатшы» деп те атады, ол кезде 1919-1921 жылдары Орталық Комитеттің үш хатшысының ішінде Саяси бюроның мүшесі болған жалғыз адам болды. Партия Орталық Комитетінің 1934-1953 жылдар аралығындағы пленумдарында өткен хатшылық сайлауы кезінде бас хатшы қызметі айтылмады«Сталин Иосиф Виссарионович» // Зенькович Н. А. «Ең жабық адамдар. Өмірбаян энциклопедиясы». — М.: ОЛМА-ПРЕСС Звёздный мир, 2004. — 688 б. ISBN 5-94850-342-9КОКП ОК – Саяси бюросы (Төралқасы), Ұйымбюросы, ОК хатшылығының басқару органдарының құрамы (1919—1990 ж.) // «Известия ЦК КПСС». — № 7. — 1990., Сталин қайтыс болғанға дейін жарғысыз сол лауазымда қала берді, бірақ ол оны кейде пайдаланды.
1953 жылы қыркүйекте КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы лауазымының орнына КОКП ОК Бірінші хатшысы лауазымы енгізілді, дегеніменде 1966 жылы КОКП-ның XXIII съезінде қайтадан КОКП ОК Бас хатшысы болып қайта аталды және коммунистік партияның жарғысында ресми түрде бекітілдіп. 38 Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Жарғысы.
КОКП басшылығындағы басқа партиялық қызметтерге қарағанда, бас хатшы лауазымы бірден-бір алқалық емес қызмет болды.
Иосиф Виссарионович Сталин (сәуір 1922 — наурыз 1953) Бас хатшы лауазымы және Сталинның билік үшін күрестегі жеңісі (1922-1934) Сталинның жеке хатшысы Борис Бажанов бас хатшы лауазымын құру және оған Сталинді тағайындау туралы ұсынысты Ленинмен келісе отырып, Григорий Зиновьев пен Лев Каменев жасады деп мәлімдеді3 тарау. «Ұйымбюро хатшысы». // Бажанов Б. Г. Сталинның бұрынғы хатшысының естеліктері. — СПб.: Всемирное слово, 1992. — ISBN 5-86442-004-2.
Бастапқыда партия жетекшісі лауазымы ресми түрде (Жарғы бойынша) болмаған, бірақ іс жүзінде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Ленин бола тұра, бұл қызмет тек партиялық аппаратқа басшылық етуді білдірді (Жарғының 32-тармағында былай делінген: «Орталық комитет ұйымдастырады: саяси жұмысқа – Саяси бюро, ұйымдастыру жұмыстарына жалпы басшылық жасауға – Ұйымдастыру бюросы және ағымдағы ұйымдастырушылық және атқарушылық сипаттағы жұмысқа – Хатшылық»).
Ленин Сталинның ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалады, бірақ оның деспоттық мінез-құлқы («Сталин, Бас хатшы болған соң, орасан зор билікті өз қолына шоғырландырды, мен оның бұл билікті әрқашан жеткілікті түрде ұқыпты пайдалана алатынына сенімді емеспін» Ленин В. И. Съезге хат. // ПСС. — Т. 45. — Б. 344 Ленин В. И. Съезге хат / Ленин В. И. Таңдаулы жұмыстары. 4 томда. Т. 4. / 2-шығ. М., 1988. — Б. 440—443.) Ленинді «Съезге хатында» Сталинның «тым дөрекі» екенін және бұл кемшіліктің «бас хатшы лауазымында адам төзгісіз» екенін жазуға мәжбүр етті. Ленин бұл хатты РК(б)П-ның XII съезіне жолдады, бірақ аурудың жаңа ұстамасы оған тиісті бұйрықтар шығаруға мүмкіндік бермеді.
Сталин, Зиновьев және Каменев Троцкийге қарсылық негізінде триумвират ұйымдастырды.
ХІІІ съезд басталар алдында (1924 жылы мамырда өтті) Лениннің жесірі Надежда Крупская «Съезге хатты» тапсырды. Бұл туралы Бастықтар кеңесінің отырысында айтылды. Сталин бұл жиналыста алғаш рет қызметтен кететінін мәлімдеді. Осы хатқа байланысты Сталинның өзі Орталық Комитеттің пленумы алдында бірнеше рет қызметтен кету туралы мәселені көтерді. Каменев «Хатты» делегацияларға оқып беруді және осылайша оны ашық талқылаудан аулақ болуды ұсынды. Көпшілік Сталинді бас хатшы лауазымында қалдыруды қолдады, тек оппозиция жақтастары ғана қарсы болды.
Ленин қайтыс болғаннан кейін Лев Троцкий партия мен мемлекеттегі бірінші тұлға рөлін талап ете алды, бірақ Зиновьев, Каменев және Сталин тұлғасындағы «үштіктің» басшылығынан ығыстырылды. 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде Саяси бюроның бөлінуі және «жаңа оппозицияның» құрылуы нәтижесінде Сталин ОК бірінші саяси баяндамасын жасады, ауырмай тұрып Ленин әрқашан осы баяндамамен сөйлейтін, ал XII және XIII съездерінде — Зиновьев (XIV съезде ол Ленинград делегациясының қосалқы баяндамашысы болды) баяндама оқыды. Сол кезде де Сталинді өзінің адал досы К.Е.Ворошиловты «Саяси бюроның негізгі мүшесі» деп атағаны, ол «мәселелерді шешуге барынша белсене қатысады, оның ұсыныстары басқаларға қарағанда жиі қабылданады» дегені ерекше едіТакер Р. Сталин. Тарих және тұлға. — М.: Весь Мир, 2006. — Б. 211..
1926 жылы 27 желтоқсанда Сталин Бас хатшы қызметінен кету туралы өтінішін берді: «Мені ОК бас хатшысы қызметінен босатуыңызды сұраймын. Мен енді бұл лауазымда жұмыс істей алмайтынымды, енді бұл лауазымда жұмыс істеуге шамам жетпейтіндігін мәлімдеймін». Қызметтен кету ұсынысы қабылданбады.
Сталин ресми құжаттарда әдетте лауазымның толық атауымен қол қоймаған. Ол «ОК хатшысы» деп қол қойып, оны ОК хатшысы ретінде атайтын. «КСРО қайраткерлері және Ресейдің революциялық қозғалыстары» энциклопедиялық анықтамалығы (1925-1926 жж. дайындалған) шыққан кезде, «Сталин» мақаласында Сталин былайша ұсынылды: «1922 ж. бастап Сталин партияның ОК хатшыларының бірі, қазірдің өзінде ол сол қызметте қалады», яғни, бас хатшы қызметі туралы бір ауыз сөз жоқ. Мақала авторы Сталинның жеке хатшысы И.П.Товстуха болғандықтан, Сталинның қалауы осындай болған деген сөз. Дәл осындай мәлімет «Үлкен Кеңес Энциклопедиясының» бірінші басылымында (52-том 1947 жылы шықты) берілген. ҮКЭ екінші басылымында (40-том 1957 жылы – яғни ХХ съезден кейін жарыққа шықты) мынадай мәліметтер келтірілген: «1922 жылы 3 сәуірде ОК пленумы И.В.Сталинді ОК бас хатшысы етіп сайлады. 1952 жылы Пленум И.В.Сталинді ОК төралқасының мүшесі және ОК хатшысы етіп сайлады». «Кеңестік тарихи энциклопедияда» мынадай мәтін берілген: «... ОК пленумында... 1922 жылдың 3 сәуірінде ОК бас хатшысы болып сайланды және бұл қызметте отыз жылдан астам жұмыс істеді» (13-том 1971 жылы жарық көрді - яғни Брежневтің тұсында). Дәл осындай ақпарат ҮКЭ үшінші басылымында (24-том 1976 жылы шықты) берілген.
1920 жылдардың аяғында Сталин өзінің қолында айтарлықтай жеке билікті шоғырландырғандықтан, бұл лауазым партия басшылығындағы ең жоғары лауазымға ұқсастырылды, дегенмен БК(б)П Жарғысында бұл лауазымның болуы қарастырылмаған.
1930 жылы Вячеслав Молотов КСРО халық комиссарлары кеңесінің Төрағасы болып тағайындалғанда ОК хатшысы қызметінен босатуды өтінді. Сталин келісіп, Лазарь Каганович ОК екінші хатшысының міндетін атқаруға кірісті. Ол Орталық Комитетте Сталинді алмастырды.
Сталин — КСР Одағының толық билікті басқарушысы (1934-1951) thumb|right|200px|И. Сталин, 1942 жылы Р.Медведевтің айтуынша, 1934 жылы қаңтарда өткен XVII съезде негізінен ұлттық коммунистік партиялардың обком хатшылары мен ОК хатшыларынан жасырын блок құрылды. Сталинді Халық комиссарлар кеңесінің немесе Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметіне ауыстыру, ал Орталық комитеттің Бас хатшысы қызметіне С.М.Кировты сайлау туралы ұсыныстар жасалды. Съезд делегаттарының бір тобы бұл мәселені Кировпен талқылады, бірақ ол үзілді-кесілді бас тартты, оның келісімінсіз бүкіл жоспар жүзеге аспай қалды.
Ленинград пен Ленинград облысының барлық маңыздылығына қарамастан, олардың басшысы Киров ешқашан КСРО-да екінші адам болған емес. Елдегі екінші маңызды тұлға лауазымын Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Молотов атқарды. Съезден кейінгі пленумда Киров та Сталин сияқты Орталық комитеттің хатшысы болып сайланды. 10 айдан кейін Киров Смолный ғимаратында бұрынғы партия қызметкерінің оғынан қайтыс болды«Киров Сергей Миронович» // Зенькович Н. А. «Ең жабық адамдар. Өмірбаян энциклопедия». — М.:ОЛМА-ПРЕСС Звёздный мир, 2004. — 688 б. ISBN 5-94850-342-9. Сталиннің серіктесі әрі ең жақын досы, Кировтың өлімі 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жеткен жаппай террордың басталуына әкелді«Сталин Иосиф Виссарионович». // Ресей мен Кеңес Одағының билеушілері, өмірбаяндық-хронологиялық анықтамалық. Дәл осы XVII-съезд биліктің Сталин бастаған бір топ адамдардың қолында нақты шоғырлануын қамтамасыз етті. Сталиннің ұсынысы бойынша (баяндамада айтылды) съезд партиялық-мемлекеттік бақылау жүйесін түбегейлі қайта құруды бекітті. Бұдан былай біртұтас партиялық-мемлекеттік бақылау органы тек үкіметтік кеңестік бақылау комиссиясы және партиялық бақылау комиссиясы болып екіге бөлінді. Соңғысын съезд сайлауы керек еді, бірақ ол өз қызметінде БК(б)П Орталық Комитетіне есеп берді. Қайта құру жоспары туралы айта отырып, Сталин партиялық және мемлекеттік бақылау саяси шешімдердің орындалуын орталықтандырылған тексеруді білдіреді деп атап көрсетті. «Енді бізге тексеріс емес, орталықтың шешімдерінің орындалуын тексеру керек». Партиялық бақылау комиссиясына келсек, ол Орталық Комитеттің нұсқауын орындауға тиіс болды, ал оның жергілікті еңбекшілері енді жергілікті органдарға тәуелсіз әрекет ете алатын болды. Комиссияға тіпті Орталық Комитеттің мүшелерін де жауапқа тарту құқығы берілді, ал оның жетекшісінің өзі Орталық Комитеттің мүшесі болуы керек еді. Сталиннің өзі бұл өзгерістерді Орталық бақылау комиссиясының пленумында талқылау туралы ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы болды, сондықтан бұл жобаға қатысты қайшылықтар болмады. Сталин өз баяндамасында Партиялық бақылау комиссиясының шешімдеріне шағымдану мүмкіндігі туралы ештеңе айтқан жоқ (сондықтан съезд қарарында бұл мәселе айтылмады).
1934 жылдан бастап құжаттардан бас хатшы қызметі туралы сөз мүлде жоғалып кетті. Партияның XVII, XVIII және XIX-съездерінен кейін өткен ОК пленумдарында Сталин, шын мәнінде, партия Орталық Комитетінің Бас хатшысының қызметін атқара отырып, ОК хатшысы болып сайланды. 1934 жылы өткен БК(б)П XVII съезінен кейін БК(б)П ОК Жданов, Каганович, Киров және Сталиннен тұратын БК(б)П ОК хатшылығын сайлады. Сталин Саяси бюро мен Хатшылық мәжілістерінің төрағасы ретінде жалпы басшылықты, яғни сол немесе басқа күн тәртібін бекіту және қарауға ұсынылған шешімдер жобаларының дайындық дәрежесін анықтау құқығын сақтап қалдыЖуков Ю. Н. Басқа Сталин. КСРО-дағы саяси реформалар. 1933-1937 жылдардағы КСРО-дағы саяси реформалар. — М.: Вагриус, 2003. — 529 б. ISBN 5-9697-0043-6.
Сталин ресми құжаттарда «Орталық Комитеттің хатшысы» деп қол қоюды жалғастырды1940 жылғы 24 шілдедегі БК(б)П ОК мен КСРО ХКК қаулысы., ал басқалары оған Орталық Комитеттің хатшысы ретінде жүгіне бердіГ.Ягоданың БК(б)П ОК хатшысы - жолдас Сталинге жазған жазбасы, 1935 жыл 14 маусым // Сойма В. М. Тыйым салынған Сталин. — М.: Олма-Пресс, 2005 — Б. 182 ISBN 5-224-04446-4. Кейде Сталин бас хатшы атағын да пайдаланды.
БК(б)П ОК хатшылығының 1939 және 1946 жылдардан кейінгі жаңартулары Орталық Комитеттің формалды тең дәрежедегі хатшыларын сайлаумен де өтті. 1952 жылы қазанда КОКП-ның XIX-съезінде қабылданған КОКП Жарғысында «бас хатшы» лауазымының бар екендігі туралы ешбір сөз болған жоқ.
1941 жылы мамырда Сталиннің КСРО халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болып тағайындалуына байланысты Саяси бюро Андрей Жданов ресми түрде Сталиннің партия бойынша орынбасары болып тағайындау жайлы қаулы қабылдады: «ОК саяси бюросының талабы бойынша жолдас Сталин БК(б)П ОК бірінші хатшысы болып қалуын ескере отырып, ОК хатшылығында жұмыс істеуге жеткілікті уақыт бөле алмайды, ОК хатшылығында жолдас Сталиннің орынбасары етіп Жданов А.А. жолдасты тағайындау.
Бұған дейін бұл рөлді іс жүзінде атқарған Вячеслав Молотов пен Лазар Кагановичке партия жетекшісінің орынбасарының ресми мәртебесі берілмеді.
Сталин қайтыс болған жағдайда партия мен үкімет басшылығындағы мұрагерлерді таңдау керек деген сұрақтың жиі көтерілуіне байланысты ел басшылары арасындағы күрес шиеленісе түсті. Молотов былай деп еске алды: «Соғыстан кейін Сталин зейнеткерлікке шықпақшы болып, үстел басында былай деді: «Енді Вячеслав жұмыс істесін. Ол жастау».