Тобело (өз атауы - каунг, боэнг, додинг) — Индонезияда тұратын Солтүстік Халмахер халықтарының бірі. Жалпы саны 85 мың адам. Олар бірнеше субэтникалық топтарға бөлінеді (кау, боэнг, додинг, т.б.).

Тілі Тілі - тобело тілі. Диалектілері: боэнг, додинга, гамсунги. Тернат және индонезия тілдері де кең таралған.

Діні Тобелолардың көпшілігі христиандық реформаторлар, аз бөлігі (соның ішінде додинг) сүнниттік мұсылмандар.

Кәсібі Негізгі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (түйнек, тамыржемісті дақылдар, банан, бұршақ дақылдары, күріш, саго өндіру), балық аулау және теңіз кәсіпшілігі.

Тұрмыс салты Неке патрилокальды, туыстық есеп екі жақты, қалыңдыққа төлем төлеу қолданылады. Ән айту, би билеу халық ауыз әдебиеті дамыған.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Елді мекендер әдетте жағалауда орналасқан. Тұрғын үйлер (таху) жер үсті, бамбуктен, төбесі саго жапырақтарымен жабылған.

Дәстүрлі киімдері Бұрын тападан тігілген денені жабатын жабындылар киген, бірақ кейін оларды малай және еуропалық үлгідегі киімдер алмастырды.

Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағамдары - балық (шикі, кептірілген, тұздалған), сондай-ақ көкөністер (күріш, саго, банан, маниок, тәтті картоптан пісірілген өнімдер).

Дереккөздер

Санат:Индонезия этникалық топтары