Борий Батырұлы Әлиханов (, 8 маусым 1961, Ташкент) — Өзбекстан саясаткері, 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Экологиялық партия басшысы, 2019 жылғы желтоқсанынан бастап Заң шығару палатасы 2,3 және 4-ші шақырылымдарының депутаты, экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны 1983 жылы Ташкент политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Саяси қызметін 90-шы жылдары бастап, 2005 жылдың мамырына дейін Өзбекстан Республикасы Табиғатты қорғау мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 2005 жылдың мамыр айынан бастап осы мемлекеттік құрылымның төрағасы болды. 2009 жылы тамызда Өзбекстан Экологиялық қозғалысы Орталық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (жетекшісі) болып сайланды. Ол 2009/2010 және 2014/2015 жылдардағы парламенттік сайлаулардан кейін қозғалыстың көшбасшысы болып қалды. 2010 жылдың 22 қаңтарынан бастап Олий Мажлистің Заң шығару палатасы спикерінің бес орынбасарының бірі. 2019 жылы қаңтарда Өзбекстан Экологиялық партиясы құрылғаннан кейін оның жетекшісі болды және Өзбекстанның жаңа парламентіне сайланды.https://uz.sputniknews.ru/20201021/Shavkat-Mirziev-naznachil-dvukh-novykh-senatorov-15227102.html
Дереккөздер
Санат:Ташкентте туғандар Санат:Тұлғалар Санат:1961 жылы туғандар Санат:8 маусымда туғандар Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Ташкент мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің депутаттары