Мунжандар — Памир халықтарының бірі. Мунжандардың негізгі бөлігі Ауғанстанда Мунжан өзенінің аңғарында және Пәкістанның іргелес аудандарында тұрады. 2000 жылғы есеп бойынша мунжандардың саны шамамен 5300 адамды құрады.

Тілі Тілі - мунжан тілі, иран тілдер тобының шығыс топшасына жатады. Білімді урду тілінде – Пәкістанда, парсы тілінде – Ауғанстанда алады.

Діні Сенушілер – исмаилиттік мұсылмандар.

Кәсібі Мунжандар негізінен егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Олар басқа памир халықтарымен бірге шаруашылық және мәдени типке кіруде, рал, соқа түріндегі егістік құралдары, ағынды суару әдістері кең таралған. Далалық террассалар мен суару арналары тән.

Өмір салты Қоғамдық және отбасылық өмірде, басқа Памир халықтарымен салт-дәстүрлерде көптеген ұқсастықтар бар.

Дереккөздер

Санат:Ауғанстан халықтары Санат:Пәкістан халықтары