Тәуелсіздік алаңы — Қазақстан елордасы Астанадағы басты алаң.

Орналасуы Тәуелсіздік алаңы Астананың Алматы ауданында орналасқан. Аумағы жағынан Тәуелсіздік даңғылы бойымен оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан төртбұрышты алаң. Көлденең бағытта Байтұрсынов және Нәжімеденов көшелерімен шектеледі.

Сәулет ансамблі Алаңның ортасында Қазақстанның еркіндігі мен гүлденуінің символы болып табылатын «Қазақ елі» монументі орналасқан.

Айналасында келесі нысандар бар: Әзірет Сұлтан мешіті; Қазақ ұлттық өнер университеті; Бейбітшілік қабырғасы; Тәуелсіздік сарайы; Қазақстан ұлттық музейі; Бейбітшілік және келісім сарайы;

Суреттер

Дереккөздер

Санат:Астана көшелері Санат:Астана сәулеті Санат:Қазақстанның көрікті орындары