Қарашажы – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кентінен солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан төрткіл шоқы.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 162 м. Шоқы маңында суы мол құдықтар бар. Төрткілдің оңтүстігіндегі тақыр табаны да Қарашажы деп аталады. Көне түркі тілінде ол "Қарашаның аджысы" – ащы құдығы деген атауы содан қалыптасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қарақия ауданы таулары