Кхму (өз атауы; кхму, кха, кса, тай-хат, футхень) — Оңтүстік-шығыс Азиядағы халық. Жалпы саны 440 мыңға жуық адамды құрайды. Олар Лаоста (384 мың адам), Тайландтың солтүстігінде (40 000 адам), Вьетнамда (16 000 адам), сонымен қатар Мьянма мен Қытайда тұрады.

Тілі Тілі - кхму тілі. Диалектілер: кхму, кханг және кхао. Негізгі кхмер сөйлеу бірлігі - қытай-тибет түбір буыны мен индонезиялық түбір сөздерінің арасы.

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, буддистер.

Кәсібі Негізгі кәсіптері: қолмен атқарылатын егіншілік (негізінен күріш), өзеннен балық аулау, аңшылық, терушілік. Қолөнерден – керамика, тоқымашылық, металдан зергерлік бұйымдар жасау дамыған.

Тұрмыс салты Ата-баба рухына табыну (хрой таза), жердің әруағы (хрой пте), аспан, су, күріш, т.б.сақталған. Жер учаскелері шағын және көп балалы отбасыларға тиесілі. Қалыңдықты таңдау көбінесе баланың ата-анасының қалауымен анықталады. Тойдан кейін 3-4 жыл әйелінің әке-шешесінің үйіне қоныстанады, содан кейін өз үйін салады. нобай|оңға|200px|Тұрғын үйлері Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Дәстүр бойынша, хкму халқының ауылдарындағы үйлер қадаларға салынған. Алайда, лао үйлерінен айырмашылығы, үйдің астындағы кеңістік тұрғын үй немесе сарай үшін пайдаланылмайды.

Дәстүрлі киімдері Киімдері тхай, тай және лао костюміне жақын. Киім сатып алынған матадан тігіледі. Әйелдер үшін тігілмеген белдемше мен блузкадан, ерлерде шалбар мен күртеден тұрады. Басына сәлде киеді.

Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағам - буға пісірілген күріш, жүгері, маниок, таро, ет азырақ пайдаланылады. Мұрын арқылы ішу салты сақталған.

Фольклоры Кхму халқының өкілдері жергілікті ерекшеліктерді айқын көрсететін халық әндерінің бай қазынасымен танымал. Кхму халқының арасында ең танымал ән жанры - эпикалық сипаттағы диалогтық болып табылатын том әні. Олар Сое биін жақсы көреді. Бамбуктан музыкалық аспаптарды, соның ішінде әр түрлі флейталарды, ауызды үрмелі аспаптарды өз бетінше жасайды.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Лаос халықтары Санат:Тайланд халықтары Санат:Вьетнам халықтары