Кхамти — Үндістанның солтүстік-шығысындағы халық (Аруначал-Прадеш одақтық территориясының шығысында). Жалпы саны 12 мың адам. Негізгі қоныстанған елі Үндістан 10 мың адам және Мьянма 2 мың адам.

Тілі Тілі - кхамти тілі. Диалектілер: ассам, солтүстік Мьянма, синкалинг кхамти. Жазуы – шан жазуының бір түрі (мьянма әліпбиіне негізделген).

Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: буддистер.

Тарихы Тенгапани бассейні аймағын мекендеген кхамтилер XVIII ғасырда Бор-Кхамти аймағынан көшіп келгендердің ұрпақтары. Халықтардың толқынымен бірге тай кхамти Мьянмада және Үндістанның солтүстік-шығысында біздің дәуіріміздің тоғысында пайда болды. Олар XVIII ғасырдың аяғында қазіргі мекендеу аймағына қоныс аударды.

Кәсібі Негізгі кәсібі – суармалы егіншілік (күріш, кендір, қыша, картоп, көкөніс). Буйволдар мен үй құстары өсіріледі. Көмекші кәсіп – балық аулау, кейде – аңшылық. Ерекше сауда - жабайы пілдерді аулау және сату. Қолөнерден – тоқымашылық және ұсталық. Бұрын олар ағаш пен піл сүйегінен ойып, күміспен жұмыс жасаумен танымал болған. Көрші халықтармен және ассамдықтармен зат алмасу дамыған. Кейбір кхамтилар құрылысшы болып жұмыс істейді.

Дәстүрлі қолөнер түрлеріне тоқу, тоқымашылық, ағаш және ұсталық, ағаш және піл сүйегінен ою, күміс шеберлігі жатады. Кхматилер өздерінің шеберлігімен, әсіресе қару жасауымен танымал. Олардың қару-жарақтары піл сүйегінен жасалған, жоғары сапалы. Кхмати найзаларды, садақ пен жебелерді, қылыштар мен қалқандарды жасаумен танымал.

Өмір салты Ауылды ақсақалдар кеңесі басқарады, ол басшыны таңдайды. Патрилинейлік туыстық сақталған.. Отбасы біртекті, бөлінбеген отбасылар бар. Барлық ұлдар әкесіне тең негізде мұра болады.

Дәстүрлі баспаналары Кхамтилер негізінен өзендерге жақын орналасқан 7 ауылда қоныстанған. Тұрғын үйлері тіректерде орналасқан, қабырғалары бамбуктан жасалып, шатырлары шөппен немесе құрғақ жапырақтармен жабылған. Үйге баспалдақпен террассалар арқылы кіреді.

Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі киімдері Мьянма үлгісінде: ерлер үшін - ұзын жеңі бар мақта көйлек, әйелдер үшін - мақтадан немесе жібектен (әдетте ақ) тоқылған көкірекше және түрлі-түсті белдемше. Әйелдер күміс зергерлік бұйымдар мен түрлі-түсті моншақтар тағады.

Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағам - күріш, сондай-ақ балық және көкөністер.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Үндістан этникалық топтары Санат:Мьянма халықтары