Аралсор — Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының шығысында 35 км жердегі ащы көл.
Гидрографикасы Аумағы 124,1 км2. Көл теңіз деңгейінен 1,6 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 34,3 км, енді жері 13,0 км, жағалау бойының ұзындығы 117,4 км. Орта тұсында ұзындығы 7 км, ені 4 км-ге жуық сор басқан арал орналасқан. Жаз айларында көл суы тартылғанда арал жағалауымен (солтүстігінде) жалғасып жатады. Шығыс жағалауынан басқа бөлігі жарқабақты келеді. Солтүстігінен Ащыөзек өзені құяды. Жағалауының шығысындағы ашық бөлігін қамыс, құрақ басқан. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Бөкей ордасы ауданы көлдері