Жапалақ – Торайғыр тауының батыс сілемі.
Географиялық орны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерінде орналасқан. Сөгеті және Жалаңаш аңғарларының аралығында жатыр.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2413 м. Батыстан шығысқа қарай 6 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. Батысынан Шілік, шығысынан Шарын өзендері ағып өтеді. Маңайында Алабайтал, Қырықжігіт таулары орналасқан.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың дислокацияға ұшыраған гранит, құмтас, тақтатас шөгінділерінен тұрады.
Өсімдігі Таудың бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге, жусан, бұталы ағаштар мен солтүстік беткейіндегі шатқалында шыршалы-қарағайлы орман кездеседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы таулары Санат:Іле Алатауы