Ысқақова Жазира Мақсұтқызы — 1982 жылы 3 наурызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінде туған. Филология ғылымдарының кандидаты, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша (2003) тәмәмдаған. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қатысушысы.

Еңбек жолы

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, оқытушы, аспирант (2005-2009), «ҚТЖ ҰК» АҚ Қарағанды локомотив сервис орталығы, аудармашы (2009-2011), Қарағанды Болашақ университеті, доцент м.а. (2011-2011), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, аға оқытушы (2011-2013), Қазақ бизнес және технология университеті, доцент м.а. (2013-2014), «Тұран-Астана» университеті, доцент (2014-2022), Еңбек жолын Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО» КеАҚ-да Әдістемелік басқарма басшысы (2022) қызметінде жалғастыруда.

Еңбектері

60-қа жуық ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалары, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулары жарық көрген. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерімен шұғылданады.

Санат:Алфавит бойынша тұлғалар