нобай|330px|2008 жылғы маркада «Қонақ келді» — қазақ кескіндемешісі Салихитдин Айтбаевтың 1969 жылы салған суреті.
Суретте киіз үйдің алдында қымыз ішіп жатқан бір топ адамға аттан жаңа түскен қонақтың қосылып, дастарқан алдына жайғасуы бейнеленген. Жастардың біреуі тұрып, қонаққа отыратын орын ұсынғалы жатыр, ал бала соның атын шаужайынан ұстап, әрі қарай жетектеп жатыр. Сол жақ шетте қазанның пісіп тұрғаны, ал артқы жақта келіншектің биені сауғаны көрініп тұр.
Айтбаев осы туындыда қонақжайлылықтың кәдімгі бір мысалын әмбебап әрі мәңгі нышанға түрлендіреді. Әр кейіпкердің қимылынан дәстүрлі өмірдің тұрмысы жалпы болмыспен мәндес болғаны суретте айқын байқалады.М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты: 100 шедевров искусства Казахстана . Алматы, 2013.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Бір кесе қымыз
Санат:Салихитдин Айтбаев суреттері