Қоңырадыр – Ақмола облысы Астрахан ауданының қиыр шығысындағы тау.
Географиялық орны Ақбейіт ауылынан оңтүстікке қарай 4 км, Астраханка темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 393 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 5-6 км–ге созылып жатыр, енді жері 1 км-дей. Беткейлері көлбеу, төбесі тегіс, көптеген күмбездері бар.
Геологиялық құрылымы Делювийлі шөгінділермен жабылған тас көмір жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Даланың карбонатты қара топырақ жамылғысында бетегелі-қаулы, кейде мезоксерофитті шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Астрахан ауданы таулары