Абунгтер (өз атауы орангабунг, ламунг, лампонг) — Индонезияның оңтүстігінде Суматра аралындағы халық. Саны 300 000 адам (1992).

Этнонимі Абунг (abung) этнонимінде компонент-ung Камбоджаның Унг тегі мен корей тіліндегі Вунг (Унг) атауының "батыр"деген мағынасымен байланысты. Ежелгі халықаралық компонент ab -, ең алдымен, ата-баба әкесін көрсетеді. Тиісінше, абунг этнонимі халықтың батыр әкемен туыстық байланысын білдіруі мүмкін.

Нәсілі Абунгтер оңтүстік азиялық нәсілге жатады.

Тілі Оңтүстік азиялық нәсілге жатады. Олар лампунг тілінде сөйлейді. Индонезия тілі де кеңінен таралған.

Діні Діни нанымдары - мұсылман-сүнниттер

Тарихы Олар 15 ғасырда оңтүстік Суматраның батыс бөлігіндегі биік таулы аймақтардан қазіргі аумағына қоныс аударған. Абунг мәдениеті оңтүстік Суматраның аборигендік халқы пубиандармен (пабеандықтармен), паминггерлермен және маринггейлермен, орталық Суматра мен Явадан келгендермен, Лампунгта тұратын явандық және сундтармен ұзақ мерзімді байланыста болды. Материалдық мәдениеті жағынан Абунгтар малайлықтарға жақын.

Кәсібі Негізгі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, бұрыш). Кейбір аудандарда балық аулау дамыған. Сонымен қатар буйволдарды, ұсақ малды, ешкілерді, құстарды ұстайды.

Тұрмыс салты Абунгтер ру басшылары ​​басқаратын (пенимбанг), ауылдық қауымды құратын (ти-ух) және патрилинейлік рулардан тұратын (суку) 19 жергілікті тайпаларға (бувейге) бөлінген. Құлдық, таптық бөліну және бас аулау болды. Неке – патрилокальды, әмеңгерлік, көп әйелдік – анда-санда кездеседі.

Тұрғын үйлері қаңқалы, қадалы, тік бұрышты, төбесі ер тәрізді, ашық верандамен қоршалған. Әр ауылда 500 м2 дейін коммуналдық үй орналасқан.

Дереккөздер

Санат:Индонезия этникалық топтары