Серектас – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарқаралы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде орналасқан тау.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 933 м, енді жері 1,5 км. Түнқатар жəне Тасқотан таулары аралығында, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км-ге созылып жатыр. Қатты тілімденген, беткейлері жартасты келеді.

Геологиялық құрылымы Кейінгі тас көмір жəне пермь гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында қияқ, сұлыбас, селеу, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары