Донецк Халық Республикасы (, қысқаша ДХР, ) — Шығыс Еуропада орналасқан, Ресей Федерациясы басып алған аумақтар 2014 жылы Украинадан тәуелсіздігін жариялап, жартылай мойындалмаған квази-мемлекеттік құрылым — "Moreover, new contested territories that could be described as de facto states have emerged, most notably the Donetsk People’s Republic and the Luhansk People’s Republics in Ukraine. These two newest additions to the universe of de facto states have started to create some of the trappings of statehood, although the extent of «indigenous roots‟ is still debatable.». ЛХР-мен қатар Донбасс аймағындағы жартылай мойындалған политиялардың бірі болып табылады.
Тарихы Сталиндік режим ұйымдастырған 1932–1933 жылдардағы ашаршылық кезінде аймақтағы украин халқы түгелге жуық қырылып қалды, ал осы өңірге орыстарды жаппай қоныс аудару шаралары жүргізілді.
2014 жылдың сәуір айында ФҚҚ (ФСБ) офицері Игорь Гиркин бастаған Ресей әскері аймаққа басып кіріп, Украинаны қорғануға және терроризмге қарсы операция бастауға мәжбүр етті. 2014 жылдың тамыз айында Донецк қаласының орталығында жұрт алдында азаптаудың сұмдық оқиғасы орын алды: сепаратистер мен ресейлік әскери қызметкерлер қаланың Ресей тарапынан басып алынуына қарсы шыққан бейбіт белсенді Ирина Довганды азаптады.
2014 және 2015 жылдар бойы Донецк әуежайы үшін қызу шайқастар жүрді. 2022 жылғы Ресей басқыншылығы кезінде Мариуполь сияқты көптеген қалалар Ресей әскері тарапынан жер бетінен жойылды, ал кейіннен басып алынған аумақтар аннексияланды.
Спорт Республика аймағында Донецк Халық Республикасының Жас өспірім, спорт және туризм министрлігі жұмыс істейді. Республика аумағында 58 спорттық ұйым, оның ішінде спорт федерациялары мен спорт клубтары тіркелген. Ат спорты, футбол, шағын футбол, волейбол, баскетбол, хоккей және мәнерлеп сырғанау мен айкидо күресі, каратэ, ат спорты, балық аулау спорты, иттермен спорт дамыған.Информация о некомерческих объединениях физкультурно-спортивной направленности Тергеу 2021 жылдың желтоқсанында ресейлік саясаткер Алексей Навальныйдың командасы республика негізін қалаушылардың бірі, Ресей азаматы Александр Бородайға қатысты тергеу материалын жариялады Патриот за деньги. «Русский мир» в обмен на Эмираты.
Сондай-ақ Донбастағы соғыс Ресейдің Украинаға басып кіруі
Дереккөздер
Санат:Донецк Халық Республикасы Санат:2014 жылы пайда болғандар