Қаратөбе – Кіші Борсық құмының батысындағы оқшау төбе.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қарашоқат ауылының оңтүстік-батысында 55 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 222 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км. Солтүстігінде Жалпақтөбе, оңтүстігінде Жартау төбелері бар.

Өсімдігі Құмайтты сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында астық тұқымдас шөптесіндер аралас жусан, бұйырғын, күйреуік, жантақ, сексеуіл, т.б. өсімдіктер өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы таулары Санат:Төбелер