Сарыоба – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының оңтүстігінде 50 км жерде орналасқан тау.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Абсолюттік биіктігі 997 м. Сай, шатқал, аңғарлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады.

Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің орта жəне жоғарғы бөлім жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, боз жəне т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Бұлақтарға бай. Тау аңғарында Талдыбұлақ, Қасқа, Майтас, т.б. қыстаулар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары