Qazlatyn — Қазақстандағы латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал және конвертер. Жобаны «Тіл-Қазына» орталығы 2018 жылы әзірледі.

Порталдың көпфункционалды конвертері мәтіндерді кирилден латынға және төте жазуға онлайн сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Конвертердің ішкі ядросы (кодтары) «Яндекс переводчик» веб-сервисіне орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды.

Порталдың қызмет түрлері: І. Сайттың бөлімдері: Жаңалықтар және кітапхана; Емле бөлімі; Жобалар; Әліпби (әліпби дыбысталуымен әзірленді. Әрбір әріпке сипаттама беріледі және контексте қолданылуы бар); Администратор бөлімі; Админ панелін телефонмен басқару; Мобильді нұсқасы; Графика (Кирил, латын, төте жазуында әзірленген. Кирилден – латынға, латыннан  - төтеге, төтеден – латынға, латыннан – кирилге қатесіз сәйкестендіреді. Сондай-ақ графика ауысқанда,  сол беттің құрылымы да ауысады. Мәселен, төте жазу оңнан солға қарай жүрсе, ауыстыруға қажетті беттің толық құрылымы сол бағытта ауысады); Vue.js фреймворк (Әрбір қолданушыға жеке интерфейс ашады. Яғни порталға бір сәтте бірнеше адам кірсе де, портал ұзақ ойланып қалмайды).

ІІ. Көпфункционалды конвертер;

ІІІ. Конвертердің онлайн нұсқасы;

IV. Онлайн файлдық конвертер;

V. Офлайн файлдық конвертер;

VІ. Негізгі  плагиндер әзірленді.

VІІ. Windows-қа арналған офлайн-нұсқасы;

VІІІ. Бағдарламалардың 1000 данасын дискпен тарату жүзеге асырылды.

ІХ. Мобильді қосымшалар бар (iOS және Android жүйелеріне арналған қосымшалар әзірленді. Қосымша мәтінді ғана емес файлдық конвертациялауды жүзеге асыра алады).

X. GitHub веб-сервистік порталына арналған қосымша плагиндер жиыны;

ХІ. Chrome браузеріне арналған конвертердің плагині;

ХІІ. Деректер базасы әзірленді.

Соңғы өнімді нәтиже: Qazlatyn.kz көпфункционалды конвертердің  ішкі ядросы (кодтары) әлемдік веб-сервис Яндекс переводчикке орналастырылып, қазіргі таңда «казахский (латиница)» деген жазумен халықаралық деңгейдегі тілдер қатарына қосылды. Яндекс переводчик веб-сервисіне орналастыру жұмысы «Тіл-Қазына» орталығы мен Яндекс компаниясы арасында жасалынған Меморандум негізінде, яғни тегін жүзеге асырылды. Онлайн конвертерде бүгінге дейін 1 552 340 рет мәтін сәйкестендірілген.  Ал үлкен көлемдегі  сәйкестендірілген құжаттар саны –   5310 файл.

Конвертер мүмкіндігі + Qazlatyn.kz - Онлайн-конвертерінің мүмкіндігіКирилл → Latyn Latyn → Кирилл Latyn → Төте Төте → LatynWord – 50 бет 1 сек. 1 сек. 2 сек. 2 сек.Word – 100 бет 5 сек. 5 сек. 5 сек. 5 сек.Word – 500 бет 15 сек. 15 сек. 15 сек. 15 сек.Excel – 50 бет 2 сек. 2 сек. 2 сек. 2 сек.Excel – 100 бет 3 сек. 3 сек. 3 сек. 3 сек.Excel – 500 бет 12 сек. 12 сек. 10 сек. 10 сек.Power Point – 10 бет 1 сек. 1 сек. 1 сек. 1 сек.Power Point – 50 бет 1 сек. 1 сек. 1 сек. 1 сек.Power Point – 100 бет 2 сек. 2 сек. 2 сек. 2 сек.PDF – 5 бет 15 сек. 15 сек. 15 сек. 15 сек.PDF – 10 бет 30 сек. 30 сек. 28 сек. 28 сек.

+ Windows-қа арналған Офлайн-конвертер: Кирилл → Latyn Latyn → Кирилл Latyn → Төте Төте → LatynWord – 50 бет 1 сек.1 сек.1 сек.1 сек.Word – 100 бет 3 сек.3 сек.3 сек.3 сек.Word – 500 бет12 сек.12 сек.12 сек.12 сек.Excel – 50 бет1 сек.1 сек.1 сек.1 сек.Excel – 100 бет2 сек.2 сек.2 сек.2 сек.Excel – 500 бет4 сек.4 сек.4 сек.4 сек.Power Point – 10 бет1 сек.1 сек.1 сек.1 сек.Power Point – 50 бет1 сек.1 сек.1 сек.1 сек.Power Point – 100 бет2 сек.2 сек.2 сек.2 сек.PDF – 5 бет13 сек.13 сек.13 сек.13 сек.PDF – 10 бет12 сек.12 сек.12 сек.12 сек.PDF – 50 бет52 сек.00 сек.00 сек.00 сек.PDF – 100 бет1 мин. 32 сек.00 сек.00 сек.00 сек.PDF – 300 бет3 мин. 20 сек. 00 сек.00 сек.00 сек. Абай жолы (Word, 433 бет) – 7 сек. сәйкестендіреді.

Абай жолы (PDF, 433 бет) – 13 мин. 52 сек. сәйкестендіреді.

20 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 1 мин. 10 сек. сәйкестендіреді.

100 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 6 мин. 8 сек. сәйкестендіреді.

1000 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 60 мин. сәйкестендіреді.

100 000 кітап «Абай жолы» (Word, 433 бет) – 100 сағат (4 тәулік 4 сағат) сәйкестендіреді.

1 кітап «Абай жолы» (pdf, 300 бет) – 3 мин. 20 сек. сәйкестендіреді (200 сек).