Өлшек — жертөле үлгісімен салынған уақытша баспана. Түзде, егістік басында күннен қорғанып, демалу үшін қарапайым салынатын болған. Қабырғасының жартысы қазылған жер есебінен болса, жерден шыққан бөлігінің материалы шымнан, тақтатастан да тұрғызылады. Іші-сырты сыланбайды, төбесі ағаш бұтақтарымен, жыңғыл, жантақпен жабылып, оны жел ұшырып кетпес үшін үстінен балшық кесектері сияқты қолда бар салмақты материалдармен әр жерінен бастырып қояды.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 22 бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014
Дереккөздер
Санат:Дәстүрлі халық құрылысы