Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев (25 наурыз 1974, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист, 2025 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары.
Бұрын президент кеңесшісі (2024—2025), Премьер-министр орынбасары (2022—2024), Қаржы министрі (2020–2024), президент көмекшісі (2018—2019) сияқты лауазымдар атқарған.
Өмірбаяны 1974 жылғы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996—1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы болды.
1998 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық банкінде лауазымдар атқарды: 2006 жылға дейін Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары, 2006—2014 жылдары Үйлестіру департаментінің директоры болды.
2014—2015 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарушы директоры болды.
2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2015—2018 жылдары Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында Президенттің көмекшісі болды.
2019 жылғы 22 наурызда Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалған.
2020 жылғы 18 мамырда Қаржы министрі болып тағайындалды. 2022 жылғы 29 наурыздан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін қоса атқарды.Е.К. Жамаубаев туралы 2024 жылғы 6 ақпанда лауазымдарынан босатылды.
2024 жылғы 20 мамырда Президент кеңесшісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 17 ақпанда Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Марапаттары «Құрмет» ордені
Сілтемелер https://www.inform.kz/kz/erulan-zhamaubaev-kr-karzhy-ministri-bolyp-tagayyndaldy_a3651226 Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қаржы министрлері