Қызыладыр – Қызылтас тауларының оңтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сәуле ауылының солтүстік-шығысында 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абослюттік биіктігі 1025 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейі тік ірілі-ұсақты шоқылардан тұрады. Сай-жыралармен, тау аңғарларымен тілімделген. Оңтүстік баурайындағы бұлақтардан Қараменде өзені бастау алады. Батысында Жыланды, шығысында Қызыларай, оңтүстігінде Ақтоғай таулары орналасқан. Шығыс етегінде қорымтастардың үйінділері шоғырланған.

Өсімдігі Таудың бозғылт топырақ жамылғысында қайың, көк терек, әр түрлі астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары