Сарыжал – Желдіадыр тауларының шығыс бөлігіндегі ұсақ шоқылы таулар.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Шұбаркөл ауылының солтүстігінде 28 км жерде орналасқан.

Жер бедері Ең биік жері теңіз деңгейінен 543 м-ден астам. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 31 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейлері көлбеу, олар бірнеше шоқылардан тұрады. Етегін делювийлі-пролювийлі шөгінділер басқан. Сарыжал Талдысай, Сарыбұлақ, Жақсыкөң, Жаманкөң, т.б. өзендердің суайрығы.

Өсімдігі Топырағы қиыршықтасты, бозғылт қоңыр. Беткейлерінде жусан, селеу, бетеге, аңғарында тал, көктерек, қараған аралас бұталар өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары