Қотанақ – Желтау тауларының солтүстік-батысындағы аласа тау.
Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 70 км жерде орналасқан.
Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 2 км. Абсолюттік биіктігі 537 м. Беткейлері эрозиялық процестерге ұшыраған. Солтүстігінде Көкеспе қонысы, батысында Қарақұдық, оңтүстігінде Жамбасши құдықтары, шығысында Шығыс Қотанақ тауы бар.
Өсімдігі Тау баурайындағы қиыршықтасты, сұрғылт құнарсыз топырағында шөлге тән өсімдіктер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Мойынқұм ауданы таулары