Қорғантас – Шыңғыстау жотасының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Арқат ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 652 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеуленген бірнеше шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Көкпекқолат қонысы, шығысында Қарағайлы, Арқат, оңтүстігінде Есенбай, батысында Ордатас таулары бар.

Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары