Зайнаб Казбековна Дайибекова (; 19 қараша 2002, Каракалпакстан) — өзбекстандық семсерші, Өзбекстан құрамасының мүшесі, 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Өзбекстан "Шухрат" медалінің иегері.
2019 жылы Ташкентте өткен жастар арасындағы әлем кубогында жеңімпаз атанды.
2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Зайнаб жолын жапондық Тика Аокиді 15:9 есебімен жеңуден бастады. Екінші кезеңде Азияның күміс жүлдегері қытайлық Шао Якиді 15:10 есебімен ұтты. 1/8 финалда тағы да кореялық Юн Джи Суды 15:12 есебімен ұтты. Ширек финалда әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері мажарстандық Анна Мартонмен кездесіп, 11:15 есебімен жеңіліп қалды.
Санат:Алфавит бойынша семсершілер Санат:Өзбекстан семсершілері