ForteBank — жеке меншік банк. Қазақстандағы ең ірі банктердің бестігіне кіреді. Бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан. Филиалдық желісі Қазақстанның барлық аумағын қамтиды, 33 қала мен 5 кентте 21 филиал мен 78 бөлімшесі бар.
2025 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша ForteBank активтер көлемі жөнінен 5‑орынды иеленеді.
Тарихы ForteBank қазіргі түрінде 2015 жылғы 10 ақпанда үш банктің — ForteBank, "Альянс Банк" және "Темірбанктің" бірлестіктері нәтижесінде пайда болды. Біріктіру кезінде жаңа банктің капиталы 160 миллиард теңгені (900 миллион АҚШ доллары) құрады. Бұл көрсеткіш ForteBank-тің капитал мөлшері бойынша үшінші және Қазақстан банктері арасында активтер бойынша сегізінші орын алуына мүмкіндік берді. Банктің бас акционері қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов болды.
ForteBank — 2015 жылдың 1 қаңтарында құрылған.
Альянс Банкі — 1993 жылғы 7 қаңтарда құрылды.
Темірбанк — 1992 жылғы 26 наурызда құрылған.
2015 1 қаңтарда – "Альянс Банк" АҚ (қазіргі уақытта – "ForteBank" АҚ), "ABC Bank" АҚ (бұрын - "ForteBank" АҚ) және "Темірбанк" АҚ қайта ұйымдастыру шеңберінде тапсыру актілеріне қол қойылды, оларға сәйкес жаңа банк барлық мүлікті, сондай-ақ "ABC Bank" АҚ және "Темірбанк"АҚ барлық құқықтары мен міндеттерін алды. 10 ақпан — "Альянс Банк" АҚ "ForteBank" АҚ болып қайта аталды.
2016 Қазан - "Құланшы" заманауи өнер орталығымен бірге ForteBank Kulanshi Art Space галереясының ашылуы. Қараша - Еуропа Қайта Құру және даму банкімен микро шағын және орта бизнес жобаларын кредиттеуге және ЕҚДБ-ның "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға теңгелік баламада 60 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беру туралы келісімге қол қою. Желтоқсан - "ForteBank" АҚ, "Темірбанк" АҚ және "АВС Bank"АҚ қосылу жолымен қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталады. "АВС Bank" АҚ мен "Темірбанк" АҚ қызметі тоқтатылады.
2017 Мамыр - Банктің қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алғашқы төлеуі. Есептелген дивидендтердің жалпы сомасы 4,6 млрд теңгені құрады.
2018 Ақпан - бұрын Банк Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Гурам Андроникашвили Банк Басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қыркүйек - Банктің 4% мөлшерлемемен және айналым мерзімі 2024 жылға дейін 220 млрд теңге сомаға купондық облигациялар шығаруы. Желтоқсан - Банктің "Банк Kassa Nova" АҚ 100% жай акцияларын сатып алуы.
2019 Наурыз - банк Азия даму банкінің шағын шағын және орта кәсіпорындарын қаржыландыру жобаларын қолдау бағдарламасының қатысушылары болады. Сәуір - Сәуірде ForteBank "Kassa Nova банкін" және One Technologies технологиялық компаниясын сатып алды. Желтоқсан - Еуропа қайта құру және даму банкімен микро шағын және орта бизнес жобаларына кредит беруге және ЕҚДБ-ның "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға теңгелік баламада 60 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беру туралы келісімге қол қою.
2020 Мамыр - ForteMobile ұялы байланысын "Beeline Қазақстан" ұялы операторымен бірлесіп іске қосу. Мамыр - валюта саудасы үшін ForteForex онлайн-алаңын іске қосу. Тамыз - ForteBank "Банк Kassa Nova" АҚ-ын Freedom Holding Corp компаниясына сатады. "Банк Kassa Nova" "Freedom Finance" АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады.
2021 Маусым – ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвилидің өкілеттігі оның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлануына байланысты тоқтатылдыhttps://kapital.kz/naznacheniya/96826/guram-andronikashvili-pokidayet-post-predsedatelya-pravleniya-fortebank.html. Шілде – Euromoney халықаралық қаржы басылымының нұсқасы бойынша ForteBank «Қазақстандағы ең үздік банк» деп танылдыhttps://forbes.kz/articles/fortebank_priznan_luchshim_bankom_kazahstana_1. Қараша – Centras компаниялар тобының негізін қалаушы Елдар Абдразақов Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалдыhttps://forbes.kz/articles/eldar_abdrazakov_vozglavit_sovet_direktorov_fortebank.
2022 Сәуір - ForteBank бесінші жыл қатарынан Global Finance-тен "Қазақстанның үздік банкі" атағын алдыhttps://forbes.kz/articles/fortebank_vnov_priznan_luchshim_bankom_kazahstana_po_versii_global_finance. Шілде - The Forte жаңа төраға: Бекжан Пірматов ForteBank Басқарма төрағасы лауазымында бекітілдіhttps://forbes.kz/articles/naznachen_novyiy_predsedatel_pravleniya_fortebank. Желтоқсан - AsiaMoney халықаралық журналы Forte-ді үш номинация бойынша Қазақстанның үздік Банкі деп атадыhttps://forte.kz/news/mezhdunarodnyj-zhurnal-asia-money-nazval-forte-luchshim-bankom-kazahstana-v-treh-nominacziyah .
2023 Мамыр - Хуберт Пандза тәуелсіз директор өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, банкпен ынтымақтастықты Тәуекелдер және аудит комитеттерінің кеңесшісі ретінде жалғастырдыhttps://bizmedia.kz/2023-05-04-u-fortebank-proizoshli-izmeneniya-v-sovete-direktorov/. Мамыр – Global Finance халықаралық басылымы алтыншы рет ForteBank-ті «Қазақстандағы үздік банк» деп атады https://forte.kz/news/forte_the_best. Мамыр – ForteBank J.P. Morgan-нан халықаралық төлемдерді өңдеу сапасы үшін Elite Quality Recognition Award сыйлығын алдыhttps://forte.kz/news/31_may_2023. Қазан - Равшан Ирматов Басқарма мүшесі болып сайланып, ForteBank (CFO) Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалдыhttps://forte.kz/news/27-10-2023 .
2024 Ақпан – Гаухар Бисембиева ForteBank Басқармасының мүшесі болып сайланды және Банк (COO) Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалдыБисембиева Г. Т. избрана первым зампредом Fortebank. Наурыз – FortePremier Euromoney халықаралық басылымының нұсқасы бойынша Қазақстандағы үздік Private Bank атандыОт премиальной карты до шедевра да Винчи в Астане. Қыркүйек – Алматы облысы Есік қаласында заманауи мектеп ашылды. Құрылысын Болат Өтемұратов қорының қолдауымен ForteBank қаржыландырдыВ Есике Алматинской области открылась школа на 900 учеников, строительство которой профинансировал ForteBank. Желтоқсан – Басқарма төрағасы болып Талғат Қуанышев тағайындалдыТалгат Куанышев официально стал председателем правления ForteBank.
2025 Маусым – ForteBank «Қазақстанның үздік коммерциялық банкі» халықаралық марапатын иелендіForte Қазақстанның үздік коммерциялық банкі ретінде халықаралық марапатқа ие болды. Маусым – ForteBank Home Credit Bank акцияларының 100% -ін сатып алу туралы келісімге қол жеткізілгенін жариялады «ForteBank» АҚ (Қазақстандағы) «Home Credit Bank» АҚ-тың 100% акциясын сатып алу туралы келісімге келгенін жариялайды.. Тамыз – ForteBank Asian Banking & Finance Retail Banking Awards аясында Retail Bank of the Year - Kazakhstan сыйлығын алдыForteBank «Қазақстандағы жылдың үздік бөлшек сатылымдар банкі» атанды . Қазан – ForteBank Қазақстандағы алғашқы мерзімсіз реттелген AT1 облигациясын шығардыForteBank выпустил первый в Казахстане бессрочный субординированный бонд AT1. Желтоқсан – ForteBank Home Credit Bank 100% акцияларын сатып алу мәмілесін аяқтап, оның жалғыз акционері атандыForteBank завершил сделку по приобретению 100% акций Home Credit Bank .
Бизнес-модель Forte – әмбебап банк, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қызмет көрсетеді.
Негізгі бағыты – бөлшек банкинг.
Банк қызметі бірнеше брендке бөлінеді: ForteRetail – жеке тұлғаларға арналған банк. Клиенттерге дебеттік, кредиттік карталар, кредиттер мен депозиттер ұсынады. FortePremier – ForteBank құрамындағы ауқатты клиенттерге бағытталған премиум банктік қызмет көрсету бағыты. Жеке сервис және банктік әрі қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынады. ForteBusiness – заңды тұлғаларға арналған банк. Клиенттерге корпоративтік карталар, шоттар, кредиттер мен депозит түрлерін ұсынады. ForteMarket – отандық дүкендердің тауарларын онлайн сатуға арналған маркетплейс. ForteTravel – турлар, авиа және теміржол билеттері, автокөлік жалдау қызметтері ұсынылатын туристік платформа. ForteMobile – «Beeline Қазақстан» байланыс операторымен бірлесіп іске қосылған мобильді байланыс қызметі.
Басшылық Басқарма 2026 жылғы 15 маусымдағы дерекке сәйкес, Банк Басқармасының құрамында Басқарма Төрағасы мен төрт мүшесі бар. Қуанышев Талғат Жұманұлы – Басқарма Төрағасы Пилипенко Анна Викторовна – Басқарма мүшесі, Басқарушы директор (Chief Operating Officer) Болғауов Әнуар Тоқтарұлы – Басқарма мүшесі, Басқарушы директор (Chief Recovery Officer) Әбілжанова Алма Маратқызы – Басқарма мүшесі, Басқарушы директор (Corporate and SME Officer) Зденек Фоукал – Басқарма мүшесі, Басқарушы директор (Chief Retail Banking Officer) Шимичек Ладислав - Басқарма мүшесі, Басқарушы директор (Chief Informational Officer)
Директорлар кеңесі Директорлар кеңесі Банк қызметін стратегиялық басқаруды жүзеге асырады. Басқарманың жұмысын бақылап, Банк акционерлерінің жалпы жиналысына есеп береді.
2026 жылғы 26 мамырдағы дерек бойынша Банктің Директорлар кеңесінің құрамына 5 адам кіреді.
Исатаев Тимур Ризабекұлы – Директорлар кеңесінің Төрағасы Өтемұратов Ануар Булатович – Директорлар кеңесінің мүшесі Жандосов Ораз Әлиұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі Тұяқбаев Ерлан Төлегенұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі Андроникашвили Гурам –Директорлар кеңесінің мүшесі
Марапаттар Қараша 2018 — The Banker нұсқасы бойынша "Қазақстандағы Жыл Банкі". Желтоқсан 2018 — The International Banker баспа басылымының нұсқасы бойынша" Қазақстандағы бөлшек бизнестегі ең инновациялық банк". Наурыз 2018 — Global Finance нұсқасы бойынша "2018 жылғы Қазақстандағы үздік банк". Наурыз 2019 — Global Finance басылымының нұсқасы бойынша "2019 жылдың үздік Банкі". Қараша 2019 — Global Finance басылымының нұсқасы бойынша "Best Foreign Exchange Provider". Желтоқсан 2019 — Asiamoney басылымының нұсқасы бойынша "Қазақстандағы үздік Банк-2019". Наурыз 2020 — Global Finance басылымының нұсқасы бойынша "2020 жылдың үздік Банкі". Шілде 2021 — Euromoney басылымының нұсқасы бойынша "Қазақстандағы үздік банк". Маусым 2025 жыл - World Finance тұжырымы бойынша «Қазақстанның үздік коммерциялық банкі» Қазан 2025 жыл - Global Finance тұжырымы бойынша «Қазақстанның үздік коммерциялық банкі» Желтоқсан 2025 жыл - International Banker тұжырымы бойынша «Қазақстанның үздік коммерциялық банкі»
Дереккөздер
Санат:1993 жылы құрылған банктер Санат:Қазақстан банктері