Харахол банкісі – Каспий теңізінің солтүстігінде, Атырау облысы Құрманғазы ауданының теңізбен шектесетін тұсындағы қайраңдық көл.
Гидрографикасы Дөңгелек пішінді көлдің аумағы 22,5 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 4,7 км. Таяз келген көл аумағын [қамыс, құрақ басқан, шығысында аумақты келген батпақты өңір қамтыған. Батыс бөлігін бойлай Сухая Долгая құмқайыры жатыр. Алға ауылынан оңтүстік- шығыста 9 км жерде жатқан көлдің солтүстік-шығыс жағалауында қыстаулар мен сүт фермасы орналасқан.Қазақстан табиғаты 5 -том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2013 ISBN 996978-601-7472-15-3
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы көлдері