Мыңтөбе — Нарын құмының орта тұсында, Бозанай (Бұзанай) құмды алқабындағы қоныс.

Географиялық орны Атырау облысы, Исатай ауданы, Мыңтөбе ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы Құм төбелер қоршап жатқан Мыңтөбенің ұзындығы 10 км, енді жері 8 км шамасында. Жер бедері тегіс, жиектеріндегі құм төбелерді жағалап теріскен, ебелек, сорқаңбақ, т.б. шөптесіндер өскен. Оңтүстік бөлігін сор басқан. Қоныс жиегінде қыстаулар жатыр. Теңіз деңгейінен 3-5 м төмен жатыр. Қоныс жиегімен даланың бірнеше қара жолдары өтеді.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Қоныстар Санат:Қазақстан қоныстары Санат:Атырау облысы қоныстары