Майтөккен, Майтыққан – Ащысу алабындғы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде, теңіз деңгейінен 185 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 4,5 км2, ұзындығы 4,9 км, енді жері 1,5 км. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Солтүстік-батысынан жазда құрғап қалатын шағын өзен құяды. Жаз айларында кей жылдары құрғап қалады немесе шалшықты батпаққа айналады. Қараша айының 2-жартысында суы қатып, сәуір айының 2-онкүндігінде ериді.

Жағалау сипаты Жағалау бойының ұзындығы 17,2 км, бойында қамыс өскен. Алабы шабындыққа және мал жайылымына қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы көлдері