«I Want It That Way» — Backstreet Boys тобының ең танымал әндерінің бірі.

Ол топтың Millennium деп аталатын үшінші альбомдағы алғашқы сингл болып келеді.

2000 жылы ән Грэмми сыйлығының үш номинациясына ілікті (үздік ән, үздік жазба, дуэт немесе топтың үздік поп-орындауы). Сол жылы MTV мен Rolling Stone құрастырған «Бүкіл уақыттағы үздік 100 поп-ән» тізімінде ол оныншы орынға қойылған болатын.Rolling Stone & MTV: '100 Greatest Pop Songs' 2007 жылы VH1 телеарнасы оны «90-шы жылдардың ең керемет 100 әні» тізімінде үшінші орынға орналастырды.VH1 - 100 Greatest 90s Songs

Әнге бейнеклип 1999 жылдың 1–2 сәуірінде Лос Анжелес халықаралық аэропортында түсірілді, режиссёрі Уэйн Айшем болды. Оның тұсаукесері MTV арнасында 5 мамырда болды. Бейнеклип 1999 жылғы MTV Video Music Awards сыйлығының төрт номинациясына түсіп, біреуінде жеңіске жетті (Viewer's Choice).

Чарттар ЕлОрныАҚШ (Billboard Hot 100)6АҚШ (Billboard Top 40 Mainstream1АҚШ (Billboard Hot Adult Contemporary Tracks)1АҚШ (Billboard Hot 100 Airplay)1Аустралия2Аустрия1Бельгия4Германия1Грекия1Жаңа Зеландия1Ирландия1Испания1Италия1Канада1Нидерланд1Норвегия1Ұлыбритания1Финляндия4Франция20Чехия1Швейцария1Швеция2

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:Backstreet Boys әндері