Сарытөбе – Ерейментау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 403 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 1,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, етегінде қиыршықтас үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Майкөл көлі, оңтүстігінде Найзатас, батысында Мейірман, шығысында Боқан қыстаулары бар.

Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, сұлыбас, селеу, жусан, боз, сирек көктерек, қайың, т.б. өседі. Мал жайылымына қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ерейментау ауданы таулары