Симонов мұздығы – Теріскей Алатаудың шығыс сілемі – Сарыжаз жотасының солтүстігінде жəне Катша – Ашутор тауының шығыс беткейіндегі мұздық. Мұздықты 1902 жылы Г. Мерцбахер ашқан.1954 жылы Қазақстан географы П.В. Симонов есімі берілді.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде орналасқан. Текес өзенінің саласы – Байынқол өзені осы мұздықтан басталады.
Сипаты Мұздықтың жалпы ұзындығы 8,3 км, ашық жері 8,1 км, көлемі 3,98 км3. Ауданы 27,9 км2, оның мұзқар (фирн) алаңы 20,1 км2, ашық жатқан тілі 7,7 км2. Байынқол шыңындағы (5840 м) мұзқары 6 ірі камерадан тұрады.Қазақ Энциклопедясы, 7 том.
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Теріскей Алатауы