Катскилл таулары — Нью-Йорк штатында жайғасқан таулы үстірт, Аппалач жүйесінің бір тармағы.

Таулардың аты голландиялық қоныстанушылардың заманынан белгілі болып тұр. Нидерланд тілінен Kaatskill сөзін «мысықтың бұлағы» деп аударуға болады. Бұл бұрындары осы жерлерде пумалардың мекендегеніне байланысты болуы мүмкін.

Мұнда 1100 метрден биік 30-дан астам тау шыңы бар. Ең биігі Слайд тауы деп аталады.

Мәдениеттегі орны Вашингтон Ирвингтің «Рип Ван Уинкл» әңгімесінің оқиғасы осы тауларда орын алады.

Кескіндемедегі Гудзон өзені мектебінің пайда болуы бұл таулармен байланысты. Бұған Томас Коулдың Катскиллдік суреттері әсер етті.

1969 жылы бұл аймақта әйгілі Woodstock музыкалық фестивалі өтті.

Галерея

Сілтемелер History of the Catskill Mountains Catskill Mountainkeeper Catskill 3500 Club

Санат:АҚШ таулары