«Саяхат» халықаралық автовокзалы — 1967-2008 жылдардағы Алматыдағы автобекет. Сүйінбай мен Ташкент (қазіргі Райымбек батыр) даңғылдарының қиылысында орналасқан болатын.

Сипаттамасы

Тарихы 1967 жылы Алматыда бірінші стационарлық автобекет ғимараты ашылды. Саяхат автобекетінің ғимаратында күту залы, билет кассалары, сондай-ақ қызметтік үй-жайлар (диспетчерлік бөлме) болды. Автобекет жанында сағат мұнарасы салынды.

2008 жылы Саяхат автобекетінің тарихи ғимараты бұзылды. Оның орнына жаңа заманауи көлік кешенін салу жоспарланды. 2008-2010 жылдар аралығында құрылысқа арналған 5 га жердің 4 гектары сатып алынды. Алайда, 2018 жылға қарай жаңа ғимараттың жобасының жобалық нұсқасы да әзірленген жоқ.«Сайран» мен «Саяхаттың» тағдыры не болады

2014 жылы қаланы дамытудың жаңа көлік бағдарламасын әзірлеу басталды. Оның аясында үш жаңа автобекет салу жоспарланған болатын. Сонымен қатар, қала орталығындағы көлік ағындарын түсіру үшін Сайран мен Саяхат автобекеттерін жабу жоспарланған-ды.

2018 жылы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті автобекет маңын қауіпті жер деп есептеді. Сол жылы автобекет маңындағы заңсыз базарды бұзу және жаңа автобекет ғимаратын салуды жоспарлау басталды.«Саяхаттың» орнына жаңа автобекет салынады

Техникалары 1980 жылға қарай автобекетке 500-ге жуық автобус бекітілді.«Саяхаттың» кімге зияны тиді?

Маршруттар Автобекеттен Сарыөзек, Орал, Ақтөбе, Тараз, Туғанбай, Үштөбе, Қонаев, Алексеевка, Текелі, Кентау, Түркістан секілді елді мекендерге автобус қатынады.Саяхат (Алматы)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан автобекеттері Санат:Алматы ғимараттары мен құрылыстары Санат:Алматы көлігі