Хан сарайы (, ) — Қырым хандарының бұрынғы резиденциясы, әлемдегі Қырым татар сарайының сәулет өнерінің бірден-бір үлгісі. Қырымның даулы аумағын бақылайтын Ресей Федерациясында бұл федералды маңызы бар мәдени мұра нысаны, Украинада даулы аумақ орналасқан халықаралық мойындалған шекарада ұлттық маңызы бар мәдени мұра ескерткіші болып есептеледі.

Сипаттамасы Сарай Бақшасарай тарихи-мәдени қорығының құрамына кіреді. Сарайдың бөлмелерінде Қырым татарларының тарихы мен мәдениеті мұражайы, көркемсурет мұражайыО музее см. , суық қару мен атыс қаруы көрмесі орналасқан. Сарай кешенінің аумағы 4,3 гектарды алып жатыр. Бұрын сарай кешенінің ауданы 18 гектар болатын. Сарай Шіріксу өзенінің сол жағалауында орналасқан. Сарай кешеніне солтүстік және оңтүстік қақпалар, Свит ғимараты, сарай алаңы, негізгі ғимарат, гарем, ханның асханасы мен ат қоралары, кітапхана ғимараты, сұңқар мұнарасы, хан мешіті, парсы бағы, хан зираты, Диләра Бикеш моласы (дүрбесі), Солтүстік мен Оңтүстік дүрбе молалары, ротонда құлпытасы, «Сарыгүзел» моншасы, үш көпірі бар жағалау, бақшалар мен саябақ құрылымдары, Екатериналық миля және басқа да нысаналар кіреді.

Сарайдың архитектуралық стилі XVI—XVII ғасырлардағы Осман сәулет өнерінің дәстүрлерін жалғастырады. Негізгі архитектуралық идея - мұсылмандық жердегі пейіш бағының идеясын нақтылы түрде көрсету. Сарайдың ішінде ағаштар, гүлдер мен субұрқақтар орналасқан көптеген аулалар бар. Құрылымдар жеңіл, суреттермен безендірілген, терезелері үлдірлі тормен қапталған.

Тарихы Бақшасарайда сарай салынбай тұрып Қырым хандарының резиденциясы Ашламадере аңғарында орналасқан. Хан ордасы үшін аңғар тарыла бастағанда, жаңа жерде сарай салу туралы шешім қабылданды. Сарайдың құрылысы XVI ғасырдың басында I Сахиб Герей ханның тұсында басталды. Сарай құрылысымен бірге Бақшасарайдың өзі де салынды.

Сарай кешеніндегі ең көне ғимараттар — 1532 жылы салынған Үлкен хан мешіті мен Сарыгүзел моншасы саналады. Демирқапы бетше босағасы 1503 жылы салынған, бірақ басқа жерде құрастырылып, содан кейін сарайға көшірілген. Сарай салынғаннан бастап қазіргі кезге дейін билеуші хандар тарапынан үздіксіз құрылыстар жүріп отырды. I Дәулет Герей тұсында хан дүрбесі, III Ислам Герей тұсында — мәжіліс залы және тағы бір дүрбе, I Баһадүр Герей — тұсында ресми қабылдаулар үшін қосымша бөлме, I Қабылан Герей тұсында — Алтын субұрқақ салынды. II Саламат Герей тұсында жазғы күрке, Арслан Герей тұсында — медресе, ең соңында Қырым Герей тұсында Диләра бикеш дүрбесі салынды (1764), «Көз жасы субұрқағына» ауыстырылды, сондай-ақ, ирандық сәулетші Өмірдің күшімен ішкі бөлмелердің безендіру құрылысы да жасалды.

1736 жылы Қырым хандығы мен Ресей арасындағы соғыс кезінде Бақшасарайды фелдмаршал Кристоф Минихтың әскерлері басып алды. Миних ханның астанасы мен сарайын өртеуге бұйрық берді. Бірақ бұған дейін ол капитан Манштейнге сарайдың сипаттамасын жасауды тапсырады (бүгінгі күнге дейін сақталған), содан кейін ғана ханның резиденциясын өртеп жібереді. Өрт ағаш ғимараттардың көпшілігін жойып жіберді, содан кейін сарай толығымен дерлік қайта салынды. XIV ғасырдағы бастапқы ғимараттардан Кеңес және Сот залы, Кіші және Үлкен сарай мешіттері, Әлеуіз бетше босағасы ғана қалды. Сарайды қалпына келтіру жұмыстарын Селәмет Герей, одан кейін Қырым Герей жүргізді. Ф. Брунның айтуынша, жөндеу жұмыстары көп жағынан ескі бөлмелердің сән-салтанатынан асып түсті, өйткені көп жағынан Константинопольдегі сарайлардың сәнді ішкі көрінісін көшірген «порто Константинопольден құрылыс материалдарды, сәулетшілер мен бояушыларды жіберді». Де Сегюр жаңа «Хан сарайы шағын көлемде болса да Константинополь үлгісінде салынғанын» атап өтті. Бір қызығы, Ыстанбұлдағы Османлы сарайларының арасында бұл кезеңдегі мұндай үлкен құрылыстар бүгінгі күнге дейін сақталмаған, өйткені мұндай ағаш құрылымдар уақытша ғимараттарға жататын.

Қырым Ресей империясына қосылғаннан кейін сарай Ішкі істер министрлігінің құзырында болды. Кейінгі қайта құрулар Османлы ішкі көрінісін өзгертті және жаңа маңызды ескерткіштерді қосты.

1787 жылы 20 мамырда II Екатерина сарайға келді. Оның келуімен кінәз Потемкин сарайды жөндеуге жетекшілік етті, ол көптеген еуропалықтар сияқты, таптаурынға сәйкес, классикалық Османлы ішкі көрінісін императорлық тұлғалар үшін сәнді емес деп санады және эклектика стилінде бірнеше бөлмелерді ауқымды жөндеуден өткізіп, шығыс және еуропалық безендіруді араластырды. Осыған қарамастан, сарайдың ең танымал бірқатар ескерткіштері сарайды қайта құруға жатады, оның ішінде әйгілі «Көз жас субұрқағы» Диләра бикеш дүрбесінен субұрқақтар ауласына ауыстырылды және Шіріксу көпірінің жанында Екатерина милясы орнатылды. Императрица үшін эклектикалық стилінде бөлмелердің бірі қабылдау бөлмесіне, екіншісі жатын бөлмеге айналдырылды: бірнеше терезелер тесілген, төбесі алтын жалатылған, XVIII ғасырдағы орыс шеберлері жасаған таза шыныдан істелген аспашам ілініп, әлқоба құрылды. Жиһаз Санкт-Петербургтен, Мәскеуден және Ыстанбұлдан әкелінді. Жиһаздың бір бөлігі жергілікті жерде жасалды. Мұражай қойылымында II Екатеринаның жол үстелі, ұйықтаған төсегі және басқа жиһаздары сақталған. Императрица келуіне байланысты сарайды жөндеумен 60-тан астам шеберлер мен 50-ден астам жұмысшы айналысты. Абаттандыруға 24 247 рубл бөлінді. II Екатерина сарайда үш күн болды. Сапарда онымен бірге Аустрия императоры II Иосиф, Франция елшісі де Сегур, ағылшын және Аустрия елшілері, сондай-ақ ірі шенеуніктер болды. 1818 жылы Екатерина милясының екі жағында орыс және татар тілдерінде жазу жазылды:

1798 жылы сәулетші В.Гести сарайдың жоспарын жасады. 1820 жылы 7 қыркүйекте Александр Сергеевич Пушкин генерал Раевскийдің отбасымен сарайға келді. Делвигке жазған хатында сарайға бару туралы сипаттама бар:

thumb|right|200px|Жозеф де Бай суретке түсірген Хан сарайы, 1906 жыл

1818 жылы I Александр сарайға келді. Оның келуімен гаремнің тозығы жеткен ғимараттары бұзылып, нәтижесінде тек үш бөлмелі қосалқы үй ғана қалды. 1822 жылы сәулетші И.Ф.Колодиннің жетекшілігімен сарай жөндеуден өтті. Михаил Кладо құрылыс бөлігінде, сержант Дорофеев кескіндемемен айналысты. Дорофеев сыртқы қабырғаларды геометриялық өрнектерін, гүл шоқтарын және әшекейленген гүл тізбегін бояды. Сондай-ақ, Өмер салған суретті бояды. Осы жөндеудің нәтижесінде сарайдың бастапқы келбеті өзгертілді. Колодиннің нұсқауымен, Қысқы сарай, монша кешені және басқа ғимараттар бұзылды. 1837 жылы 9 қыркүйекте II Александр ұстазы Василий Андреевич Жуковскиймен бірге сарайға келді. 1854-1855 жылдардағы Қырым соғысы кезінде сарайда Николай Иванович Пирогов жиі баратын әскери шағын аурухана болды.

1908 жылы сарайда мұражай ашылды. 1912 жылы II Николай отбасымен бірге сарайға келді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін сарайда Қырым татарларының тарихы мен мәдениетінің мұражайы ашылды. Бұл жылы, оған қоса, тұңғыш рет Қырымтатар халқының құрылтайы өтті. Оның директоры 1917-1934 жылдар аралығында кейін репрессияға ұшырап, атылған өнертанушы және этнограф Үсейін Әбдірефиоғлы Боданинский болды. 1955 жылдан бастап Бақшасарай тарихи-археологиялық мұражайы, 1979 жылдан бастап тарихи-сәулет мұражайы болды.

1930 жылдары сәулетші П.И.Голландскийдің жетекшілігімен сарай күрделі жөндеуден өтті. Бұл жөндеу кезінде сарайдың сыртынан бояуы әкпен әктелді.

1943 жылы сарай аумағында Шуцманшафттың 149-шы батальонының бөлімдері орналасты. 1944 жылы қала азат етілгеннен кейін сарайда хирургиялық жылжымалы дала госпиталдары орналасты.

1961-1964 жылдары сарайдың қабырға суреттері мен архитектуралық бөлшектерін ғылыми қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, оны Украина КСР Мемқұрылысының ғылыми-қалпына келтіру бөлімі жүргізді. Бұл қалпына келтіру жұмыстары кезінде сарайдың сыртқы түрі түпнұсқаға жақындатылды. Демирқапы порталының бояу қабаттары алынды, кейінірек Үлкен Хан мешітінің қабырға суреттерінің қабаттары алынды, Жазғы күркедегі Өмердің қабырға суреттері тазартылды, Диван залының төбелері қалпына келтірілді. Сарай кешенін бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

2015 жылдың қазан айынан бастап Хан сарайы федералдық маңызы бар мәдени мұра нысаны болып табылады.

Сарай кешенінің ғимараттары мен нысандары Сарай жоспары right|500px 0 — Сарай алаңы 1 — Солтүстік қақпа және қақпа мұнарасы 2 — Нөкер ғимараты 3 — Үлкен Хан мешіті 4 — Сарыгүзел моншасы 5 — Мазарлық 6 — Солтүстік дүрбе 7 — Оңтүстік дүрбе 8 — II Меңлі Герей ротондасы 9 — Атқора ғимараты 10 — Кітапхана ғимараты 11 — Оңтүстік қақпалары 12 — Бақша террасасы 13 — Диләра бикеш дүрбесі 14 — Парсы бағы 15 — Сұңқар мұнарасы 16 — Харем ғимараты 17 — Хауыз алаңшасы 18 — Жазғы күрке (бірінші қабатта) және Алтын бөлме (екінші қабатта) 19 — Кіші Хан мешіті 20 — Алтын субұрқақ 21 — Субұрқақ алаңшасы 22 — Диуан залы 23 — «Көз жасы субұрқағы» 24 — Демирқапы 25 — Тұрғын үй-жайлары 26 — Асхана ғимараты.

Сарай алаңы Сарай алаңы – хан резиденциясының композициялық орталығы. Қақпа мұнарасы бар солтүстік қақпа, Нөкер ғимараты, Үлкен Хан мешіті, мазар, атқоралар, оңтүстік қақпа, сұңқар мұнарасы, тұрғын үй-жайлар, елшілік ауласының қақпасы алаңға қарайды. Сарай алаңының оңтүстігінде алаңнан жақсы көрінетін бақша террассалары орналасқан.

Қазір бұл аумаққа тас төселіп, ағаштар отырғызылған. Қырым хандығы тұсында төсеу мен өсімдік жамылғысы болмады, алаңды құм басқан. Онда әскери жорық алдында бата алу үшін осында әскер жиналатын, салтанатты рәсімдер өткізілетін, сондай-ақ елшілер мен қонақтардың кездесуі өтетін.

Сарайдың солтүстік кіреберісі Солтүстік қақпа () — сарайға кіретін төрт жердің бірі (қазіргі уақытта тек екеуі ғана сақталған). Сарай қақпасына Шіріксу өзені арқылы өтетін көпір апарады. Қақпалар ағаштан жасалып, соғылған темірмен қапталған. Олар екі тоғысқан жылан немесе айдаһар бейнесі бар аркада орналасқан. Аңыз бойынша, I Сахиб Герей өзен жағасында шайқасып жатқан екі жыланды кездестіреді және олардың біреуі өзен суында емделді, бұл осы жерде сарайдың іргетасын қалауға себеп болды. Бұл қақпа қазіргі уақытта сарайдың негізгі кіретін жері ретінде қызмет етеді.

«Darbehane Qapı» — «ақша сарайы қақпасы» деп аударылады ( — ақша сарайы,  — қақпа). Бұл атау ақша сарайының (дәрбехана) қақпаға қарама-қарсы орналасуына байланысты пайда болды.

Қақпаның сол және оң жағынан Нөкер ғимараты жанасады. Қақпаның үстінде күзетші қызметін атқарған қақпа үсті мұнарасы бар. Қақпа үсті мұнарасының сыртқы қабырғалары ала-құла өрнектермен боялған, ал терезелеріне түрлі-түсті әйнек салынған.

Қақпа, қақпа үсті мұнарасы және сарайдың айналасындағы қабырғалар тек 1611 жылы ғана салынған. Оған дейін сарайдың қорғаныс құрылыстары болмаған, өйткені ол бастапқыда бекініс ретінде қарастырылмаған, бекіністер Қырық Ер бекінісінде орналасқан. Қабырғаларды салу қажеттілігі Дон казактарының Қырым мен Таман түбегіндегі жиі әскери жорықтарынан кейін ғана пайда болды. Құрылысты Сүлеймен паша басқарды.

Ханның нөкерлері мен сақшылары Нөкер ғимаратында орналасты. Қырым Ресей империясының құрамына енгеннен кейін Нөкер ғимаратына қонақтарды орналастыра бастады. Қазіргі уақытта Нөкер ғимаратының шығыс ғимаратында мұражай әкімшілігі, ал батыс ғимаратында — қойылымдар орналасқан.

Үлкен Хан мешіті Үлкен Хан мешіті () — солтүстік қақпаның шығысындағы сарай алаңында орналасқан. Бұл Қырымдағы ең үлкен мешіттердің бірі және хан сарайы ғимараттарының алғашқысы. Мешітті 1532 жылы I Сахиб Герей салдырған және XVII ғасырда оның есімімен аталған.

Мешіт ғимараты үлкен, төменгі жағында үшкіл аркадасы және қабырғаларында майоликалы қыстырғылары бар. Мешіттің шатыры төрт жағынан сырғымалы және қызыл жабынқышпен жабылған. Бастапқыда шатыры күмбезбен жабылған болатын.