Шұңқыр – Қорағаты алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Қырғыз Алатауындағы Шұңқыр асуынан алып, Қорағаты өзеніне жетпей Құлан ауылы тұсында тартылып қалады. Ұзындығы 32 км.

Гидрологиясы Жоғары және орта ағысында арнасы тік жарлы келген. Төмендегі жағалауы жайпақ. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Суын ауданның шаруашылықтары егіске пайдаланады.Тараз Энциклопедисяы

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы өзендері Санат:Шу су алабы