Кебір Жәми мешіті () — Ақмешіт қаласында орналасқан Қырымның басты жұма мешіті. Мүфти мен Қырым мұсылмандары діни басқармасының резиденциясы.
Тарихы Кебир Джами мешіті - Симферопольдің ең көне ғимараты. Бұл сәулет ескерткішінің қасбеті қабырғаларының түсімен өзінің алғашқы атауын Ақ мешіт деп алған. Осы күнге дейін сақталған ғимараттың кіреберісіндегі жазба бойынша, мешітті Хаджи Абдурахим-Бек 1508 жылы салған.https://tonkosti.ru/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C_%D0%9A%D0%B5%D0%B1%D0%B8%D1%80-%D0%94%D0%B6%D0%B0%D0%BC%D0%B8 Мечеть Кебир-Джами Кебир-Джами мешіті Қырым түбегінің астанасы Акмесджитте пайда болды. 16-шы ғасырдың алғашқы жылдарында, қажы Абдурахим Бек өзін ғасырлар бойы мәңгі қалдыру үшін ақ мешіт салуға шешім қабылдады (қала содан бері Ақмесжит - «Ақ мешіт» деп аталды).
Тарихи дереккөздерден 18 ғасырдың басында мешіт өртеніп кеткені белгілі, бірақ 1772 жылы ол қалпына келтіріліп, кеңейтілді. 1907 жылы ғибадатхана толығымен жөнделді.https://zen.yandex.ru/media/korennaya_krymchanka/kebirdjami-stareishee-zdanie-simferopolia-603cd722a3c2fb4774233593 Кебир-Джами - старейшее здание Симферополя 1920 жылдары мешітті большевиктер жауып тастап басқа мақсатта пайдаланды (кітап түптеу шеберханасы). Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде 1993-1994 жж. Ақ мешіттің тарихи орнында қазіргі Кебир Джами мешіті пайда болды. Ол жаңа құрылыс элементтерін (күмбез, қалпына келтірілген мұнара) және ескі ғимараттың фрагменттерін біріктірді – атап айтқанда, қалпына келтірушілер михраб қабырғасының алғашқы ежелгі кірпішін сақтап қалды.https://qmdi.org/mechet-kebir-dzhami-v-simferopole/ Мечеть Кебир-Джами в Симферополе Қырым татарлары ұзақ уақытқа жер аударылып отанына қайта оралғаннан кейін, мешіт мұсылман қауымына берілді.https://crimeaz.ru/kultovye-dostoprimechatelnosti/469-mechet-kebir-dzhami.html Мечеть Кебир-Джами
Архитектурасы
Кешен сонымен қатар Қырым татарларының кітапханасы мен медреседен тұрады. Негізгі ғимарат - төбесі тақтайшалармен жабылған шатырлы биік емес құрылыс. Оның силуэтінің сызықтары ежелгі кездегідей өте қарапайым. Өлшемдері де бұрынғыша өзгеріссіз қалған -7-ден 7 метрге дейін. Жоғарғы жағында әктастан жасалған мұнарасы көтеріледі. Ол дәстүрлі конус тәрізді жарты аймен жабылған. Интерьерді безендіру әсерлі, көптеген жасыл реңдермен безендірілген.https://krymania.ru/mechet-kebir-dzhami-simferopol/ Кебир-Джами — старая мечеть в городе Симферополь Қалпына келтірілгеннен кейін мешіттің сыртқы түрі іс жүзінде өзгерген жоқ - қарапайым сәулет, тақтайшасы бар ағаш шатыр, саз балшыққа ерітіндісіне араластырылғын кірпіш қабырға қалпында қалды.http://uamuseum.com/v1006-Mechet_-Kebir-Dzhami.html Мечеть Кебир-Джами
Дереккөздер
Санат:Қырым мешіттері